Ірі өнім алу үшін адамның семіздікпен байланысты гені пайдаланылып жатыр
Ірі өнім алу үшін адамның семіздікпен байланысты гені пайдаланылып жатыр
30 күн бұрын 230 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және қытай ғалымдарынан жасақталған топ ірі әрі сау өсімдік өсіру үшін семіздікпен байланысты адам генін пайдаланған. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Smithsonian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта жүргізілген тәжірибеде аталған технологияны адамзат рационы мен ас мәзірінде жиі кездесетін картопқа сынап көрген. Адамзат қарасының көбеюіне, жылдан жылға артып келе жатқан ресурс тапшылығына ғалымдар әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын жетілдіру бағытында түрлі тәсілдерді қолданып жатыр. Сондай әдістердің бірі – ГМО (гендік модификацияланған организмдер). Десе де адамзаттың дені мұндай өнімдерге күмәнмен қарайды. Гендердің орналасу тәртібі мен түзілісі қолдан өзгертілген өнімдердің экономикалық тұрғыдан пайдасы болғанымен адам денсаулығына зияны туралы көп айтылды. Ең аз дегенде адамда алергияның пайда болатындығы – осы не шірімейтін, не иістенбейтін, не бүлінбейтін, не құрт түспейтін, не солмайтын ГМО-өнімдерден көріп отыр. Енді ғалымдар ГМО секілді түбі шикі жобалардан да асып түсетін тәсілге көшіп жатыр – семіздік генін өсімдікке енгізу әдісі. Ғалымдар семіздікпен және май массасымен ассоциацияланған генді (FTO) пайдалана отырып, өсімдіктің генетикалық кодын өзгертті. Нәтижесінде түсім 50 пайызға артқан. Бұл жаңалық несімен тиімді? Астықты өнім алу үшін көп егістік алқабы қажет болмайды – аштық қатерімен күресуге арналған. Бір қызығы, өсімдікте FTO секілді ген кездеспейді, ал өсімдіктің өсіп-өнуі бірқатар гендер спектірімен (яғни, бір емес, бірнеше геннің атсалысуымен) жүзеге асады. Алайда, бұл ғылыми жаңалықтың зиянды жағы әлі анықталмаған.

0 пікір
Мұрағат