Ионды сұйықтықтың көмегімен лазердің түсін басқаруға болады (видео)
Ионды сұйықтықтың көмегімен лазердің түсін басқаруға болады (видео)
1 жыл бұрын 1261 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Зерттеушілер лазер сәулесінің түсін өзгерту әдісін ойлап тапты. Түрлі химиялық заттардың көмегімен сіз кез келген қажетті түсті ала аласыз. Бұл жайында islam.kz порталы осы бағыттағы зерттеу материалы жарияланған journals.aps.org ақпарат көзіне және Physical Review Applied мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың Брукхавен ұлттық зертханасының ғалымдары лазер сәулесінің түсін түрлендірудің қарапайым және тиімді әдісін ойлап тапты. Ол үшін ионды сұйықтық арқылы жарық шоғын өткізу жеткілікті. Аталмыш технология лазерлік сәулеленуді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мұндай технология ионды сұйықтықтың химиялық байланыстарындағы лазер мен тербеліс энергиясының өзара әрекеттесуіне негізделген. Олар тек оң және теріс зарядталған иондардан тұрады, алайда, бөлме температурасында олар тұтқыр сұйықтықтар сияқты ағады. Зерттеушілер лазерді белгілі бір ионды сұйықтықпен толтырылған түтік арқылы жай ғана өткізу арқылы сәуленің басқа да маңызды қасиеттерін сақтай отырып, лазердің энергиясын азайтып, түсін өзгертуге болатынын көрсетті. Бұл тараптағы әдістің тиімділігін көрсету үшін ғалымдар жасыл сәуледен қызғылт сары лазер алуға қол жеткізді. Толқын ұзындығы 532 нм болатын жарық импульстары 1-этил-3-метилимидазолилік дицианамидпен толтырылған түтік арқылы өткенде толқын ұзындығы 603 нм лазер сәулесіне айналды. Авторлар қызғылт сары лазер сәулесі, мысалы, тері және көз ауруларын емдеу үшін медицинада қажет екенін атап өтті. Лазерлер - қарқынды монохромды жарық сәулелері. Түсіне және басқа қасиеттеріне байланысты олар штрих-кодтарды сканерлей алады, металды кеседі, ісіктерді жоя алады, тіпті, ядролық синтезді іске қоса алады. Қажетті сәулеленуге қол жеткізу үшін физиктер бір түсті екіншісіне түрлендірудің көптеген әртүрлі тәсілдерін қолданып көрді. Десе де олардың көпшілігі күрделі және мүмкіндіктері шектеулі болды.

0 пікір
Мұрағат