Физиктер лазерлік жүйелердің құнын ондаған есе төмендетудің жолын тапты
Физиктер лазерлік жүйелердің құнын ондаған есе төмендетудің жолын тапты
1 жыл бұрын 675 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, және Қытай  ғалымдарынан жасақталған халықаралық топ лазерлік жиілікті тұрақтандырудың көптеген түрлі технологияларын сараптады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Frontiers of Physics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта тарту әсерін пайдалану арқылы арзан диодты лазердің қымбат талшықты аналогтарға тұрақтылығын арттыруға болатыны анықталды. Лазерлер түрлі салаларда, атап айтқанда, медициналық құрылғыларда, өнеркәсіптік өндірісте және ғылыми зерттеулерде, әскери технологияда белсенді түрде қолданылады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жартылай өткізгіш лазерлердің әжептәуір кемшілігі бар: жиілік ауытқу лазер сәулесінің әрдайым тұрақты етпейді, сондықтан барлық тапсырмалармен міндеттерді орындау үшін қолайлы бола бермейді. Физиктер өз жұмыстарында осы кемшілікті жоюға бағытталған көптеген зерттеулерді, теориялық және эксперименттік шешімдерді талдай келе диодты лазердің тарту әсерін қолдану арқылы жартылай өткізгіш лазерлердегі бүйірлік тербелістерді айтарлықтай шығынсыз жолмен жоюға болатынан көз жеткізді. Тарту эффектісі – бұл лазер сәулесінің шуы басылатын және эмиссия сызығының ені тарылатын процесс – нәтижесінде лазер тұрақтырақ болады. Физиктер тарту әсерін пайдаланатын классикалық жартылай өткізгішті лазердің қымбат талшықты лазерлермен салыстырылатын сызық ені мен шу деңгейіне қол жеткізетінін көрсетті.

0 пікір
Мұрағат