II типті қант диабетінің жаңа себебі аталды: бұған глюкозаның «қатысы» жоқ болып шықты
II типті қант диабетінің жаңа себебі аталды: бұған глюкозаның «қатысы» жоқ болып шықты
1 жыл бұрын 1209 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, организмнің инсулиннің істеп шығару қабілеті глюкозамен байланысты емес, метаболизмнің (зат алмасу процесі) жұмыс істеу қабілетімен байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оксфорд университетінің бір топ ғалымдары бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, қандағы глюкозаның жоғары деңгейі II типті қант диабетіне (T2DM) қалай әкелетінін анықтады. Глюкоза метаболиттері ұйқы безінің бета жасушаларын зақымдайтыны анықталды. Осы деректерге сүйене отырып, ғалымдар бұл ауруды емдеудің жаңа әдісін таба алады. Халықаралық қант диабеті федерациясының есебі бойынша әлемде жарты миллиардтан астам адам сусамырдан зардап шегеді, олардың көпшілігі II типті қант диабетімен ауырады. Аталған ауру гипергликемиялық белгісімен сипатталады, онда глюкозаның жоғары деңгейі қан айналымында кездеседі. Алдыңғы зерттеулер T2DM гормонының дұрыс тамақтанбау мен дене қимылының белсенділігінің жоғынан туындайтынын көрсетті. Қантты ұдайы әрі көбірек тұтыну өз кезегінде организмнің инсулинді бөліп шығару қабілетін нашарлататын аурудың өршуіне әкеледі. Бұл гормонның қандағы глюкоза деңгейін реттейтіні белгілі. Алайда, қандағы глюкозаның созылмалы жоғары деңгейі инсулин шығаратын бета жасушаларына қалай зиян келтіретіні белгісіз. Бұл бағыттағы зерттеу жетекшілерінің бірі Елизабет Хейторн созылмалы гипергликемияның бета жасушаларын зақымдауы мүмкін екенін анықтады. Десе де қалай зақымдайтыны белгісіз. Ғалымдар осы тетікті анықтау мақсатында жануарлар мен өсірілген жасушаларға бірнеше зерттеу жүргізді. Инсулин шығаратын бета жасушаларының қызметін глюкозаның өзі емес, глюкоза алмасуы кезінде түзілетін өнімдердің бұзатыны белгілі болды. Зерттеушілер глюкозаның қандай метаболиттерінің процеске әсер ететінін әлі де білмейді. Бір нәрсе анық - глюкоза метаболизмінің тежелуі қандағы глюкоза деңгейі жоғары болған кезде де инсулин өндірісін сақтайды.

0 пікір
Мұрағат