Антибиотикке төзімді бактериямен тиімді күресу үшін оған вирус жұқтырып көрді. Нәтижесі қандай?
Антибиотикке төзімді бактериямен тиімді күресу үшін оған вирус жұқтырып көрді. Нәтижесі қандай?
1 жыл бұрын 1070 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар генді редакциялау әдісімен бактериялардың антибиотиктерге төзімділігімен күресуге болатынын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу тұжырымы жарияланған pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нүктелік өзгерістер микроорганизмдердің қасиеттерін бақылауға көмектеседі. CRISPR жүйесі бактерияларды вирустардан қорғау механизмі ретінде дамыды. Солтүстік Каролина университетінің зерттеушілері бұл механизмді бактерияларға қарсы қолданды. Олар CRISPR-Cas пайдалы жүктемесін және E. coli гендерін редакциялау үшін екі бактериофагты - бактерияларды жұқтыратын вирустарды әзірледі. Зертханада бактериофагтар E. coli бактерияларына гендерді жеткізіп, оны жарқырата көрсету арқылы бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін бақылауға мүмкіндікк берді. Зерттеушілер, сонымен қатар, вирустардың цитозиндік базалық редакторды бактериялық жасушаларға жеткізу қабілетін көрсетті. Бұл құрал Cas 9 сияқты ДНҚ тізбегін бұзбайды, алайда, ДНҚ тізбегіндегі бір әріпті ғана өзгертеді. Мұндай жүйе геномның қалған бөлігінің тұтастығын бұзбай, жеке бактериялық гендерді өшіріп, нүктелік өзгерістер жасауға мүмкіндік береді. Генетиктер CRISPR-Cas жүйесін моделденген табиғи ортада сынап көрді. Олар жасанды экожүйені (EcoFAB) жасанды құм және кварцты топырақ, сұйықтық және үш түрлі бактериялар, соның ішінде E. coli бар резервуарға тиеу арқылы пайдаланды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бактериофагтар барлық бактериялар популяциясының төрттен біріне дейін жұқтыратын өз олжасын тиімді таба алады. Бұл ұсынылған тұжырымдаманы күрделі табиғи қауымдастықтардағы жаппай гендік редакциялау үшін пайдалануға болатынын білдіреді, дейді ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат