Химиктер пластик қоқысты құнды тыңайтқышқа айналдырды
Химиктер пластик қоқысты құнды тыңайтқышқа айналдырды
1 жыл бұрын 836 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Миллиондаған тонна пластик қоршаған ортаны ластап, орасан зор зиян келтіруде. Осыны ескерген UC Riverside химиктері пластик проблемасын шешудің бағы бір жолын ұсынып отыр. Олар пластик қалдықтарын бағалы тыңайтқыш ретінде пайдалануға болатын жоғары кеуекті көмір түріне айналдыру әдісін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған ACS Omega мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы он жылда адамзат 20-шы ғасырға қарағанда пластик бірнеше есе көп өндірді және оның көпшілігі пакет, аяқ киім қаптамасы, ыдыс-аяқ және гигиеналық заттар сияқты бір рет қолданылатын заттар болғандықтан пластик қоқыс  әлемнің бас ауруына айналды. Өндірілетін пластмассаның тек бес пайызы ғана қайта өңделетінін ескерсек, бұл проблеманы еңсеру көкейтесті сипат алған. Пластмассалардың көпшілігі табиғи түрде ыдырап жоғалуы үшін ғасырлар болмаса да жылдар қажет, сондықтан зерттеушілер қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту үшін пластикті қайта өңдеуді үнемді ету жолдарын үнемі іздеп келеді. Осындай әдістердің бірін Калифорния университетінің Риверсайд (АҚШ) химиктері ұсынды: олар пластик қалдықтарын жүгері өсіретін қалдықтармен - сабанмен, бос шоқтармен және басқалармен араластырды, содан кейін алынған қоспаны гидротермиялық карбонизация арқылы көмірге айналдырды. Бұл тараптағы тәжірибе үшін ғалымдар пластиктің екі кең тараған түрін таңдады: полистирол (көбінесе йогурт шыныаяғы сияқты бір жолғы ыдыс жасау үшін қолданылады) және полиэтилентерефталат немесе ПЭТ (пластикалық шөлмек өндірісінде қолданылады). Олардың әрқайсысы жүгері қалдықтарымен жеке-жеке араласып, жоғары қысыммен, Цельсия бойынша 180 градус температурасында сумен өңделген. Нәтижесінде зерттеушілер массасы бір грамм үшін шамамен 400 шаршы метр болатын үлкен беті бар жоғары кеуекті көмір алды. Бұл зат ылғалды жақсы ұстау және аэрация үшін топыраққа қосылуы мүмкін, сонымен қатар топырақтың көміртегі құрамын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар:

"16 сағат ішінде пластикті ыдырататын фермент табылды. Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/16-sagat-ishinde-plastikti-ydyratatyn-ferment-tabyldy-plastikti-qorek-etip-qorytatyn-qurt-tabyldy-16953/#gsc.tab=0);

"Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-bir-taulikte-joq-qylatyn-ferment-tabyldy-16776/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат