|
Ғалымдар ВИЧ-ті организмде ұзақ “ұйқыға” кетірудің жолын тапты
|
Жонс Хопкинс атындағы университет ғалымдары (Америка құрама штаттары) ВИЧ-пен күресуде елеулі жетістікке жетті - вирусты ұзақ уақытқа ұйқыға кетіретін әдісті, яғни, молекулалық тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances (SciAdv) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар бұл тараптағы зерттеуде ең басты назарын АИТВ вирусы шығаратын «санаға қарсы транскрипт» (АСТ) деп аталатын молекулаға ауған еді. Мамандар бұл молекуланың өндірісін арттырса, вирусты көбею қабілетінен айыруға болатынына көз жеткізді, дәлірегі, қауіпті вирустың латентті жағдайға өтетінін анықтады. Зертханалық сынақтар барысында ғалымдар “анаға қарсы транскриптіні” күшейтілген режимде өндіру үшін Т-жасушаларды генетикалық тұрғыдан түрлендірген. Бұл процесс өз кезегінде АИТВ-ның белсенділігін толығымен басып тастады. АИТВ-ны емдеудің замануи тәсiлдерi шектеулі. Қолданыстағы антиретровирустық терапия тиімді болғанымен, ол өмір бойы күн сайын дәрі қабылдауды қажет ететін процедура және организмге зиянды, кері әсерлерді тудыруы мүмкін