2100 жылға дейін белгілі өсімдік түрлерінің 16%-ы жойылады
2100 жылға дейін белгілі өсімдік түрлерінің  16%-ы жойылады
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дэвистегі Калифорния университетінің зерттеуі нәтижесі 2100 жылға қарай климаттың өзгеруіне байланысты ғылымға мәлім өсімдік түрлерінің 7% -дан 16% -ға дейін өз таралу аймағының 90% -дан астамын жоғалтуы және құрып кету қаупі төнуі мүмкін екенін көрсетті. Бұл бағыттағы зерттеу негізіне 68 000-ға жуық түрі (әлемдік флораның 18%) кірген. Бұл жайында islam.kz порталы ucdavis.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар өсімдіктердің жойылуының басты себебіне климат өзгерісіне бейімделе алмауын емес, қолайлы тіршілік ортасының жоғалуын жатқызып отыр. Мәселен, Еуропаның оңтүстігінде, Америка құрама штаттарының шығыс бөлігінде және Австралияның оңтүстігінде жойылып кету қаупі ерекше жоғары аймақтар екені анықталды - ежелгі түрлерге (мысалы, Калифорниядағы селагинелла) және экономикалық маңызды түрлерге (мысалы, Австралиядағы эвкалипт) қауіп төнеді. Бұл ретте құрлықтың 28% -на жергілікті түрлердің әр түрлісі өсуі мүмкін: өсімдіктер неғұрлым қолайлы жағдайлары бар өңірлерге ауысатын болады. Көбінесе ылғалды өңірлерде немесе жауын-шашын түсетін өлкелерде, мысалы, АҚШ-тың шығыс бөлігі, Үндістан, Оңтүстік Шығыс Азия және Оңтүстік Америка өсуі мүмкін. Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ-тың батыс бөлігі және Австралия, керісінше, өсімдік түрлерінің бір бөлігін жоғалтуы мүмкін. Өсімдіктердің жойылу қарқынын төмендету үшін ең алдымен климаттың өзгеруіне әкелетін факторларға жол бермеу, соның ішінде атмосфераға бөлінетін көмірұышқыл газын азайту керек.  Өсімдік түрлерін жасанды жолмен көшіру стратегиясы нәтижесін бермеуі ықтимал.

0 пікір
Мұрағат