|
Бір айдың өзінде Қытай компаниялары сағатына 500 млн доллар табыс тапқан
|
Жасанды зерденің дамуы өз кезегінде Қытайдың технологиялық компанияларын толағай табысқа кенелтті. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарымен арадағы сауда-саттық бойынша текетіреске қарамастан Қытай компаниялары бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізген. Әлемдегі қаржы конгломераты әрі инвестициялық Goldman Sachs банкі мен жапондардың Nomura Holdings қаржы холдингтік компанияся келтірген мәліметке қарағанда, Қытай компаниялары жасанды зердемен тығыз байланысты өнімдер мен компьютерлерд, жартылай өткізгіштерді, т.б. сатудан қыруар пайда тауып, сәуір айындағы экспорттың жартысын құраған. Қытай экспорты өткен жылғы көрпсеткішпен салыстырғанда 14 пайызға өскен. Яғни, сәуірде 359 млрд доллар табыс тапты. Былайша айтқанда, қытай компаниялары сағатына орташа есеппен және шамамен 500 млн доллар табыс тапқан. Атап айтқанда, микросхемалар экспорты 100 пайызға өскен, ал ноутбуктер, планшеттер мен олардың компоненттерін қоса алғанда, деректерді автоматты өңдеуге арналған жабдықтар мен құралдарды сату мөлшері 47 пайызға өсті. Алайда, жасанды зерде саласы қытай импортын да өзгеркен: шетелден жоғары технологиялық өнімді сатып алу көрсеткіші 42 пайызға өскен. Standard Chartered экономистері 2025 жылы Қытай АІ-мен байланысты әлемдегі ең ірі тауар жеткізушіге айналғанын анықтады. Дональд Трамптың екінші президенттігі кезінде Қытайдан микросхема экспорты шамамен екі есе өсті, осылайша бұл көрсеткіш тарихта алғаш рет сәуірде 31 миллиард доллардан асты. Қытайда АІ-дің дамуына байланысты 25-29 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтардың үлесі күрт артып кеткен. Түптеп келгенде, технологияның жаппай енгізілуінен немесе өндірісті автоматтандырудан 70 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін.