Ғалымдар тұңғыш рет голограмманы өзге елге телепортациялай алды (видео)
Ғалымдар тұңғыш рет голограмманы өзге елге телепортациялай алды (видео)
2 жыл бұрын 2366 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка Құрама Штаттарынан келген студенттердің голограммалары Ұлыбритания мен Канадаға «әуе билетінің ақысын төлемей» барды, ал олардың осы елдердегі әріптестері Алабамаға келген. Бұл жайында islam.kz порталы news.westernu.ca ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Батыс ғарыш зерттеу институтының ғалымдары әлемде тұңғыш рет екі жақты трансшекаралық голографиялық телепортацияны өткізгендерін жариялады. Аталған технология қашықтан оқыту, телемедицина және ғарыш зерттеулері үшін маңызды. Голографиялық телепортация (голопортация) голограмма мен телепорттың қосындысы болып табылады: адамның немесе кез келген басқа объектінің голограммасы лезде басқа жерге беріледі. Халықаралық голопортация үшін зерттеушілер нысанның голографиялық бейнесін жасайтын арнайы камераны пайдаланды, содан кейін ол таңдалған жерге жіберіледі. Әлемнің бір қиырында пайдаланушы ойынға арналған VR-шлемге ұқсас шындық аралас  Hololens көзілдірігін тағады. Мұндай линзалар арқылы адам өзінің қоршаған ортасындағы нысанды, сонымен қатар қосымша «виртуалды» нысандар мен адамдарды көре алады. Виртуалды байланыстың екі қатысушысы да осындай құрылғыларды пайдаланатын болса, олар сыртқы әлеммен шын мәнінде сол жерде болғандай әрекеттесе алады. Әлемнің бір түкпіріндегі ағайыныңды көру үшін немесе саяхататау үшін жолға билет сатып алып әуре болмайсыз. Екіншіден, голографиялық бейне шалғайдағы науқасты медициналық тексеруден өткізу процедурасын жеңілдетеді. Осылайша қоғам денсаулығын қадағалауды жақсартуға болады.

0 пікір
Мұрағат