Балық қабыршығынан теледидар жасалатын болды
Балық қабыршығынан теледидар жасалатын болды
2 жыл бұрын 1338 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Nicolas Armer / Globallookpress.com

Жапон ғалымдары балық қабыршығын көміртекті нанобуылтыққа (нанонион) айналдырудың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Green Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көміртекті нанонион (CNO) – бір-біріне «міңгескен», яғни, ұяшық тәрізді көміртекті сфералардан қалыптасатын наноөлшемді көміртек құрылымы. Мұндай пішін өз кезегінде электрді де, жылуды да жақсы өтізеді, сол себепті, оны биомедицинада, Биоимиджинде және электроникада (мәселен, теледидар панелі үшін) қолданады. Күншығыс елінің Нагой технлогиялық университетінің ғалымдары бұл тарапта балық өндірісінің қалдығынан инновациялық материалды синтездеуге кіріскен. Бұл тақырыптағы мақалада балық қабыршақтарында кездесетін коллаген температураны тез көтеру үшін жеткілікті микротолқынды сәулелерді сіңіре алатыны айтылған. Бұл CNO синтезіне ықпал ететін термиялық ыдырауға әкеледі. Жаңа тәсіл күрделі катализаторларды, қатал шарттарды немесе ұзақ күту уақытын қажет етпейді - процесс небәрі 10 секундты алады. Ал наноиондарды синтездеудің дәстүрлі процесі қиындықтармен және атмосфераға зиянды заттардың бөлумен байланысты болғандықтан жаңа әдістің артықшылығы процесті барынша тиімді етеді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Такаши Ширай есімді ғалымның сөзіне қарағанда, балықтың нанобуылтығынан алынған тұрақты оптикалық қасиеттер үлкен аумақты шығаратын икемді пленкалар мен жарықдиодты құрылғыларды жасауға мүмкіндік береді. Болашақта CNO келесі буынды QLED теледидарларына панелдер жасау үшін пайдаланылады. Мамандардың айтуынша, жаңа әдіс өнімнің өзіндік құнын арзандатып, жасау процесін тездетеді.

0 пікір
Мұрағат