Ғалымдар жәндіктің жадысындағы естеліктерді қалай өшірді
Ғалымдар жәндіктің жадысындағы естеліктерді қалай өшірді
4 жыл бұрын 2854 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары дрозофил шыбыны деп аталатын жәндіктің жадысын өшірді – бірнеше күнге қараңғылықта қамап ұстап. Болашақта бұл әдіс жанына жара салатын жадыдағы естеліктерді ұмыттыруға септігін тигізуі мүмкін.

Токио университетінің ғалымдары дрозофил шыбынының қараңғылықта ұзақ уақыт болса, жағымсыз естеліктерден арылатына көз жеткізген. Яғни, жарықтың жәндік жадысының ұзақ уақыт сақталуында маңызды рөл ойнайтындығын байқаған. Ең бастысы, ғалымдар аталмыш эффектіге жауапты молекулярлы тетікті де тапты. Ғалымдар өзге жағдайларда ұзақ уақытқа ұмытылмайтын естелікті жадыдан өшіру қиынға соғатынын, сол себепті, бұл зерттеу кейін емдеудің жаңа тәсілін табуға көмектесетінін мәлімдеді. Ғалымдар, сондай-ақ, естен тандырарлықтай оқиғалар мен жаға ұстататын жайттар ұзақ мерзімді жадыда қалып қоятынын, соған байланысты жаңа ақуыз синтезделіп, мидағы нейрон желісі өзгеретінін алға тартып отыр. Мұндай естеліктер жарақат алғаннан кейін стресс тудырып, адам денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Десе де физиологиялық тұрғыдан алсақ, жадының сақталуы – тұрақты түрде жасушалардың қайта түзілуін және организмнің түлеуін қажет ететін белсенді процесс. Күншығыс елі ғалымдары бұл бағытта тәжірибе жүргізіп, дрозофил шыбын еркегінің ұзақ уақыт бойы шағылыспаса, бұл жайт оның ұзақ мерзімді жадысында орнығып, ұрғашыға көңіл бөлуді қоятынына көз жеткізген. Ал жәндікті ұзақ уақыт қараңғылықта ұстап, бостандыққа жібергенде табиғи қалпын тапқанын жеткізді. Осыған байланысты биологтар қоршаған орта жарығының қандай да бір жолмен ұзақ мерзімді жадының сақталуына ықпал ететінін аңғарып, ақуызға (PDF) назар аударған болатын. Ол шыбынның миында болады әрі жарыққа жауап қатады. Осылайша PDF-ның жады мен үйренуге жауапты ақуызбен байланысты екенін анықтаған еді.

0 пікір
Мұрағат