Емге көнбейтін бактерияларға қарсы антибиотиктің жаңа түрі пайда болды. Картоп бактериясынан кең спектрлі антибиотик алынды
Емге көнбейтін бактерияларға қарсы антибиотиктің жаңа түрі пайда болды. Картоп бактериясынан кең спектрлі антибиотик алынды
1 жыл бұрын 1340 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швед ғалымдары ем-домға «бой бермейтін» бактерияларды да жоятын антибиотиктің жаңа түрі GmPcides-ті ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде ауруханаларда кеңінен кездесетін инфекцияларды тудыратын грам-позитивті микроорганизмдерді де жоя алады. Препаратты басқа дәрілермен біріктіріп қолдануға болады. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, аталмыш аңа антибиотик микробтардың бөлінуін, дәлірегі, өсіп-өнуін тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар, жояды. GmPcides, сонымен қатар, ванкомицинге төзімді энтерококктарға (VRE) қарсы тиімді антибиотик болып шықты. Бактерияның бұл түрін Америкалық ауруларды бақылау орталығы әлемдік денсаулыққа елеулі қатер ретінде таныған.

Картоп бактериясынан кең спектрлі антибиотик алынды

Ұлыбританиялық ғалымдар картопты паразиттендіретін патогендік бактериядан жаңа зеңге қарсы препарат – соланицинді алды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған mBio мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада алғаш рет 15 жыл бұрын анықталған Dickeya solani деп аталатын микроорганизм турасында сөз болып отыр. Картоптың дымқыл шірігін тудыратын аталмыш микроорганизм ауыл шаруашылығына зиянды, алайда, Кембридж университетінің (Ұлыбритания) ғалымдарына кең спектрлі жаңа антибиотикті табуға көмектесті. Бір қызығы, микробиологтар D.solani бактериясының антибиотик бөлу қабілетін анықтағанымен, екіншісі - ооцидин А-ны да бөледі (ол кодтайтын зеңге қарсы қосылыстардың бірі). Оның өсімдіктердегі көптеген саңырауқұлақ инфекцияларына қарсы белсенділігі жоғары. Алайда, аталған бактерияның басқа антибиотикті – соланицинді бөле алатыны белгілі болды. Ғалымдар оны А ооцинін өндіруге жауапты гендерді басу кезінде алды. Осы басылғанына қарамастан  D. solani зеңге қарсы белсенділігін сақтап қалған. Зерттеушілер зерттеуді жалғастыра келе бактерияның «резервтік» қорғаныс опциясы туралы білді. Антибиотиктің өзін оқшаулаумен қатар, аталған қосылысты құрайтын ақуыздарды кодтайтын гендер кластерін анықтады. Ғалымдар сонымен қатар микроорганизм антибиотиктің бұл түрін аз тұтынатынын анықтады – мысалы, соланимицин гендері қышқыл ортамен белсендіріледі. Болашақта биологтар одан өсімдіктерді, ал болашақта адамдарды ауру қоздырғыштарынан тиімді қорғайтын дәрі жасауды көздеп отыр. Зертханада зерттеушілер антибиотикті Candida albicans-қа (ашықты тәрізді саңырауқұлақ инфециясы) қарсы сынап көргенде тиімділігін танытты. Саңырауқұлақтардың бұл түрі денеде табиғи түрде болады, алайда, қауіпті инфекцияларды тудыруы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат