Дежавю туралы тың гипотеза пайда болды
Дежавю туралы тың гипотеза пайда болды
2 жыл бұрын 1639 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар дежа вю деп аталатын құбылыстың бір құпиясын аша алды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уикипедия электронды анықтамада адамның өткен шақта орын алған оқиғаны осы шақта қайта бастан кешкендей күйде болуы. Былайша айтқанда, мұндай «тылсымға» толы жағдаймен әрбір адам кездеседі – дежавю эффектісі немесе феноменінің сыры әлі күнге толық ашылған емес. Соған қарамастан ғалымдар бұл жұмбағы мол сауалдың жауабын беруге тырысып келеді. deja vu – француз термині. Мағынасы «көріп қойғанмын», яғни, бұрыннан таныс дегенге саяды. Аталмыш терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген психолог Эмиль Буарак болатын. 1876 жылы бұл феномен туралы француз тілінде жарық көретін Revue Philosophique ғылыми мерзімді басылымында сипаттап жазған болатын. Бұл тарапта ғалымдардың өз болжамы мен пайымы бар. Солардың бірқатары мынадай анықтамаларға бөлінген:

  • Өткен шақтың елесі немесе өтіп кеткен өмірдің бір жадысы;
  • Ақыл-ес қызметіндегі ақаудың салдары;
  • Мидың қызметіндегі уақытша ақау.

Осы ғасырдың басында Алан Браун есімді ғалым дежавю туралы барлық жинақталған білімді қорытындылаған болатын. Олардың кейбіреулері тылсыммен байланысты сипат алғанымен арасында осынау құбылысты түсіндіретін ғылыми болжамдар да кездескен. Зерттеуші әлем халқының шамамен 2/3 бөлігі кем дегенде бір рет дежавюды бастан өткергенін білді. Ол, сондай-ақ, мұндай тосын әрі таңсық сезімді тудыратын ең көп таралған триггерлер - сахна, мекен және өзара әңгіме болып шықты. Яғни, қандай да бір мекенде бұрын болғандай әсерде арыла алмайды немесе қандай да бір сахнаны бұрын да көргендей болады, т.б. Алан Браунның тұжырымдары жақында дежа вю құпияларының бірін ашқан басқа да бірқатар зерттеушілердің назарын өзіне аударып отыр. Атап айтқанда, олар гештальт деп аталатын танымал әрі таныс гипотезаны сынға алып отыр, аталмыш гипотезаға сәйкес дежа вю өткендегі көрініске кеңістіктік ұқсастыққа байланысты орын алады. Ол адам тұрған жердің оның бұрын болған жеріне құрылыс схемасының ұқсас келетінін білдіреді. Мысалы, мұндай сезімдер дәліздерге, жиһазға және басқа объектілерге қатысты оянады. Дежа вю бұрынғы ұқсас жағдай жадында «қалқып шықпаған» кезде пайда болады, бұл қазіргі жағдаймен түсініксіз танысу сезімін тудырады.

Ұқсас материал:

«Психолог дежавюдің неліктен пайда болатынын түсіндірді немесе жалған естелік хақында» (https://islam.kz/kk/news/gylym/psiholog-dejavyudin-nelikten-paida-bolatynyn-tusindirdi-nemese-jalgan-estelik-haqynda-14086/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат