Исламофобия індеті жайлаған ел – әлеуметтік зерттеу
Исламофобия індеті жайлаған ел – әлеуметтік зерттеу
2 жыл бұрын 941 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Интеграция және көші-қон жөніндегі сарапшылар кеңесінің жаңа социологиялық зерттеуіне сәйкес Германияда мұсылмандарға қатысты кемсітушілік кең тараған әрі тұрақты сипат алған. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германиядағы респонденттердің 48%-ы «ислам неміс қоғамымен үйлеспейді» деп санайды, ал 29%-ы елдегі исламның діни рәсімдерін шектеуді қалайды. Бұл тараптағы зерттеу материалында: «Исламға деген теріс көзқарас барлық халықтарда, яғни6 иммигрант емес және иммигранттар арасында жиі кездеседі», - деп айтылған. Сауалнамаға қатысқан немістердің 44%-ға жуығы мұсылман ұйымдарын мемлекеттік қауіпсіздік қызметі бақылауы керек, деп есептейді. Исламға қарсы ең жауыққан көзқарас басқа мұсылман емес елдерден келген неміс тұрғындары арасында жиі кездеседі.

0 пікір
Мұрағат