Болашақ медицинасы: көз торының ақуызы өздігінен қалай қалпына келеді
Болашақ медицинасы: көз торының ақуызы өздігінен қалай қалпына келеді
4 жыл бұрын 2036 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда ғалымдар көздің ақуыз құрылымының өздігінен қалпына келуіне ықпал ететін тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жаңалық өз кезегінде көздің нашарлаған көру қабілетін емдеуді жаңа деңгейге көтереді. Case Western Reserve University медициналық мектебінің 2017 жылы жарияланған зерттеу нәтижесінде айтылғандай, бактериядан бастап, омыртқалы жануарларға дейінгі барлық мақұлықта байқалған жарыққа сезімтал пигмент биохимиялық жолмен манипуляциялауға келетін болып шықты – бұл жайт өздігінен рециркуляция процесін жүзеге асыруына мүмкіндік бермек. Осыдан бірнеше жыл бұрын Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымында жарияланған бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар рециркуляция процесін және адамның көру аппаратында маңызды қызмет атқаратын ақуыздарды белсендіруде  маңызды рөл ойнайтын түрлендірілген А дәріменін пайдаланған еді. Аталмыш ақуыздар сырттан келген сигналды жасуша ішіне жеткізетін жасуша мембранасындағы G-ақуыздар тобына жататын жарыққа сезімтал родопсинді қамтиды. Жаңа технология көз  торын модификациялауға мүмкіндік береді. Аталған зерттеу жетекшілік еткен  Кейс Вестерн Резерв университетінің медициналық мектебінің фармакология факультетінің аспиранты Сахил Гулатидің түсіндіруінше, өздерінің бұл бағыттағы зерттеуі нақтысында көз торының ақуыздарына циклогексилді топты қосу арқылы G-ақуыздарын өздігінен қалпына келтіретін тетікке бір жақты белсендіруге негізделген. Адам әлемді көз торына кіріккен, көзге жарықты аулауға көмектесетін шектен тыс сезімтал родопсин ақуызының көмегімен көреді. Жарық фотондары көзге қалай енеді? Жарық фотондары көз торының родопсинімен сіңіріледі – мидың визуалды картинаны тануына мүмкіндік беретін сигналдар каскадын белсендіреді. Осы тұста көз торының жарық фотондарын қабылдау кезінде «11-цис» изомерден «транс» изомерге түрленетінін айта кету керек, алайда, кері процесс кезінде арнайы ақуыздардың тұтас «армиясы» қажет болады. Осылайша бұл процестің барысында орын алатын генетикалық мутация көз торының дегредациясына (тозуына) әрі көздің көру қабілетінің нашарлауына ұрындырады.

(ықшамдалып алынды – ред.)

Ұқсас материалдар:

«Жасанды көз торының өндірісін бірнеше есе арттыра алатын технология табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-koz-torynyn-ondirisin-birneshe-ese-arttyra-alatyn-tehnologiya-tabyldy-14326/#gsc.tab=0);

"Адам зақымдалған ағзасын табиғи жолмен өз денесінде өсіре ала ма – адам бойынан регенерация гені табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-zaqymdalgan-agzasyn-tabigi-jolmen-oz-denesinde-osire-ala-ma-adam-boiynan-regeneratsiya-geni-tabyldy-14244/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат