Бір нәрсеге тәуелді болып қалған адам миының ерекшелігі айтылды
Бір нәрсеге тәуелді болып қалған адам миының ерекшелігі айтылды
2 жыл бұрын 1455 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мамандардың пікірінше, адамның миындағы ләззат тізбектері шамадан тыс жүктелген кезде тәуелділік дамиды. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нашақорлық миға тән ауру ретінде саналады. Ал нашақорлық адамда алкоголден де, никотиннен де, құмар ойындардан немесе рецептсіз берілетін ауруды басатын дәрілерден де пайда болуы мүмкін. Мұндай кезде мида қандай өзгерістер орын алады? Бұл тараптағы зерттеуде мидағы ләззат алу тізбектері шамадан тыс жүктелген кезде адамда тәуелділік дамитыны атап өтілген. «Мидың ләззат алу жүйесі секілді бөлігі бар. Ол адамдарға аман қалуға, дәлірегі, өмір сүруін ынталандыруы үшін қажет. Мысалы, егер сіз тамақтансаңыз, мида дофамин өндіріле бастайды. Осы субстанцияның арқасында қанағаттану сезімі пайда болады. Нәтижесінде сіз болашақта сол сезімді бастан қайта кешіру үшін ауқаттанатын боласыз», - делінген аталмыш зерттеу материалында. Сонымен бірге, адам дофаминге тәуелді болған кезде миы да өзгере бастайды. Бұл тәуелді заттар миға жеткенде, онда өте күшті реакция тудырады. Яғни, никотин немесе кокаин тәуелді адамның ағзасына түскенде дофаминнің көтерілуі оңай болмайды, бұл сезім табиғи ләззат алған кездегіден 10 есе күшті сезім сыйлайды. «Нәтижесінде ми дофаминнің осы толқынын есіне түсіреді және оны тәуелді затпен байланыстырады. Сондай-ақ, бұл затты ұзақ уақыт қолданғанда, уақыт өте келе ми бұған бейімделеді және дофаминге сезімталдығы азаяды. Қажетті әсерге қол жеткізу үшін адам өзі тәуелді болған затты тұтынуды арттырады», - деп айтылған қорытындысында.

Ұқсас материалдар:

«Әлеуметтік желіге тәуелді болып қалатын балалар арасында кедей отбасынан шыққан балалар қарасы көп – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aleumettik-jelige-taueldi-bolyp-qalatyn-balalar-arasynda-kedei-otbasynan-shyqqan-balalar-qarasy-kop-zertteu-17360/#gsc.tab=0);

«Гаджетке тәуелділікті кедейлік белгісі деп таныды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/gadjetke-taueldilikti-kedeilik-belgisi-dep-tanydy-11662/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат