Ғаламдық азық-түлік дағдарысының алдын алу
Ғаламдық азық-түлік дағдарысының алдын алу
2 жыл бұрын 775 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаңа биологиялық сенсор бактериялар тудыратын жасырын картоп ауруларын анықтайды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен картоп зиянды микроорганизмдер кесірінен шіруге бейім көкөніс. Осылайша тағамдық құндылығынан айырылады. Бұл жайт өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Өсімдіктер қоршаған ортаға әртүрлі ұшпалы органикалық қосылыстарды (VOC) бөліп шығарады, оларды өсімдік ауруларын ерте анықтауға және аталған тағамның құнарлылық деңгейін бақылауға болады. Құдыс қаласындағы Еврей университеті (HU) мен Бейт-Дагандағы Ауылшаруашылық зерттеу ұйымы (ARO, сондай-ақ, Вулкан институты ретінде белгілі) жүргізген жаңа зерттеу нәтижесі картоптағы Pectobacterium тудырған жасырын ауруларды ерте анықтауға арналған биологиялық сенсордың тиімділігін көрсетеді. Израил фермерлері картопты Еуропадан осы жерге отырғызу үшін импорттайды, алайда, картоптың белгілі бір пайызы олардың ішінде көрінетін немесе көрінбейтін ауруларды алып жүреді, олар шірік тудырады және картоптың сапасын айтарлықтай төмендетеді. HU-Volcani ынтымақтастығы, міне, осындай себепке байланысты картоптағы ауруларды анықтайтын және шіріктің пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін қолдануға болатын сенсорды ойлап тапты. Ғалымдардың бұл тараптағы зерттеуі Talanta мерзімді басылымының келесі санында «Pectobacterium-инфекцияланған картоптағы ұшпа заттарды анықтауға арналған толық жасушалы бактериялық биосенсор картоп түйнектерінің жұмсақ шірік ауруын ерте анықтауға мүмкіндік береді» деген тақырыппен жарияланады. Сенсор ақылды биоинженерия мен оптикаға негізделген. Сенсор ауру жұқтырған картопқа тап болғанда оның ішіндегі бактериялық қосылысты жарық шашуы арқылы анықтайды және люминесценцияның қарқындылығы шірік концентрациясы мен құрамын көрсетеді. Бактериялар панелін құру үшін ғалымдар биологиялық уыттылықты өлшейтін төрт гендік инженерия бактериясының қосындысын жасады. Бұл зерттеуде биологиялық сенсор ауруды көзге көрінетін іздер пайда болмай тұрып анықтады және оптикалық сенсорды ауру жұқтырмаған картоптағы сенсорларға қарағанда екі есе жарқыратып жіберді. Картопты сыртқы нарыққа экспорттау немесе қайта отырғызу алдында ауруды ерте анықтау азық-түлік өндірушілерге айтарлықтай артықшылық береді дейді ғалымдар.

Ұқсас материалдар:

«Ас атасы нан емес, картоп – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/gylym/as-atasy-nan-emes-kartop-zertteu-16627/#gsc.tab=0);

«ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0); 

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісінен аграрлық өсімдіктердің түсімділігі 21%-ға кемиді» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisinen-agrarlyq-osimdikterdin-tusimdiligi-21-ga-kemidi-15050/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);

«Ширек ғасырдан кейін азық-түлік тапшылығы орын алады» (https://islam.kz/kk/news/alem/shirek-gasyrdan-keiin-azyq-tulik-tapshylygy-oryn-alady-481/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат