Биологтар арнайы гидрогелдің көмегімен сүйектерді өсіруді үйренді
Биологтар арнайы гидрогелдің көмегімен сүйектерді өсіруді үйренді
1 жыл бұрын 855 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

FmocFF/HA гидрогелі табиғи сүйек тінінің жасушадан тыс матрицасын имитациялайды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Clinical Periodontology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сынықтар әдетте өздігінен емделеді, яғни, өздігінен бітеді, алайда, жаңқа секілді уатылып кеткен немесе сынықтан жарамсыз болып қалған  сүйектің үлкен бөліктері ешқашан қалпына келмейді. Нәтижесінде пациенттер дененің басқа бөліктерінен немесе донордан трансплантацияны қажет етеді. Дегенмен, жаңа гидрогел жағдайды өзгертеді. Оны Тел-Авив және Мичиган университеттерінің ғалымдары әзірлеген. Оның ресми атауы - иммуномодуляцияға дейінгі талшықты гиалурон қышқылы-Fmoc-дифенилаланин негізіндегі FmocFF/HA гидрогелі. Fmoc (ағылш. Fluorenylmethyloxycarbonyl protecting group) — органикалық синтезде қолданылатын флуоренилметоксикарбонилді қорғайтын топ. Гидрогелдің ерекшелігі сол - ол сүйек тініндегі жасушадан тыс матрицаның физикалық және химиялық қасиеттеріне ұқсайды. Жасушадан тыс матрица барлық жасушаларды қоршап тұратын тірек материал болып табылады және оның қасиеттері ол бөлігі болып табылатын биологиялық тіннің түріне байланысты ерекшеленеді. Сүйек тініне қатысты матрица қатты, фибриллярлы (талшықты) құрылымға ие. Оны, сондай-ақ, жасушадан тыс матрицаның химиялық құрамын көбейте отырып, FmocFF / HA гидрогелі көршілес сүйек тінінің жасушаларын қажетті жерге көшіп, көбейюіне итермелейді. Идея мынада: егер гидрогел хирургиялық жолмен сүйек ақауына қойылса, ол ақырында жаңа табиғи сүйек тінімен толығымен ауыстырылады. Ол қазірдің өзінде зертханалық тәжірибелерде тексерілген. Гидрогел егеуқұйрықтың бас сүйегінің жоғарғы бөлігіндегі 5 мм саңылауды бітеу үшін пайдаланылды. Саңылау өз бетімен жазыла алмайтындай үлкен болған. Бас сүйегіндегі қосымша саңылау салыстыру үшін өңделмеген. Тәжірибе жүргізілген кеміргішті екі ай бойы бақылаған ғалымдар регенерация кезінде сүйек ақауларының толық жойылғанын атап өтті. Нәтижесінде сүйектер бұрынғы қалыңдығына ие болып, жаңа қан тамырлары пайда болды. Бұл жайт FmocFF/HA гидрогелі шынымен жұмыс істейтінін білдіреді.

Ұқсас материалдар:

«Адамның майын адамның сүйегіне айналдыратын тәсіл» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-maiyn-adamnyn-suiegine-ainaldyratyn-tasil-videosy-oryssha-11870/#gsc.tab=0);

«Адам сүйегін алмастыратын биоматериал табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-suiegin-almastyratyn-biomaterial-tabyldy-16994/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат