Биологиялық сағатты басқаратын генетикалық мутция табылды. Биологиялық сағатты қосқыш жасалды
Биологиялық сағатты басқаратын генетикалық мутция табылды. Биологиялық сағатты қосқыш жасалды
1 жыл бұрын 1284 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Генетиктер жануарлардың өзгеретін уақыт белдеулеріне бейімделу қабілетіне әсер ететін мутацияны тапты. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу өз кезегінде ауысымдағы жұмысшылар (түнгі ауысымдағылардың да) мен саяхатшылардағы уақыт белдеуін ауыстыруына байланысты пайда болатын ауруларды емдеуге көмектесуі мүмкін. Амхерсттегі Массачусет университетінің ғалымдары хомяктарда тәуліктік ырғақтарды – тәулік ішінде ағзадағы биологиялық процестердің қарқындылығын бақылайтын генетикалық мутацияны анықтады. Генетикалық модификацияны қолдана отырып, ғалымдар адамдардағы циркадтық ырғақтардың бұзылуын зерттеуге мүмкіндік беретін модел жасады. Ғалымдар өз зерттеулерінде CRY1 генінің циркадтық құлдырауда маңызды рөл атқаратынын көрсетті, яғни, дене сағатын сыртқы сигналдармен және жүрек ауруымен синхрондауда аталған геннің кері әсерін анықтады. Duper деп атаған шағын рецессивті мутация тұрақты жағдайларда сағаттарды жылдамдатады және жарықтың қысқа импульсіне жауап ретінде олардың ауысуына мүмкіндік береді. Зерттеушілер екі апта сайын жарық уақытын сегіз сағатқа өзгерту арқылы хомяктардағы реактивті лагты моделдеді. Нәтижесінде кардиомиопатиясы бар кәдімгі хомяктардың өмірін қысқартқан, ал организіміне  Duper мутациясы енгізілген, яғни, генетикалық түрлендірілген өзгерістерге сәтті бейімделген. Сүтқоректілерде циркадтық ырғақтарды мидың гипоталамус ядросындағы негізгі кардиостимулятор басқарады. Сонымен қатар, денедегі әрбір жасушаның негізгі кардиостимуляторын үйлестіретін өзінің циркадтық сағаты болады. Қалыпты, ашық-қараңғы және ауыспалы ортада циркадтық сағат 24 сағаттық циклдарды жасайды. Егер жарық және күнделікті циклдар бұзылса, олар өзгеруі мүмкін. Тәуліктік ауытқудан, яғни, түрлі жағдайларға байланысты дер кезінде ұйықтамаудан немесе басқа уақыт белдеуіндегі шетелге сапардан кейін дене ағзалары сағаттарын әртүрлі жылдамдықпен қалпына келтіреді. Зерттеушілер «ішкі» сағатты басқаратын биологиялық процестерді жақсырақ түсіну өз кезегінде адамдардағы осыған байланысты ауруларды емдеуге көмектеседі, деп санайды.

Ғалымдар биологиялық сағатты қосқышты жасады

Жаңа әдісті жолақты балықтарға сынап көрді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар құрылғының сынақтан өткен және жетілдірілген нұсқасы ауыр халдегі науқастарды емдеуде қолдануға болады, деп есептейді. Дәлірегі, Нидерланды мен Жапонияның сарапшылары биологиялық сағатқа әсер ететін киназа ингибиторының жарықпен басқарылатын қосқышын жасай алған. Денедегі барлық жасушалардың өзіндік сағаты бар, оны ақуыздардың өндірісі мен ыдырауының ауытқуы арқылы бақылауға болады. Егер бұл ырғақтар бұзылса, адам ауырып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, уақыт белдеулерінің өзгеруі де организмге теріс әсер етеді. Бұл бағытта институт ассистенті, биолог Цюоши Хирота циркадты ырғақты 48 сағатқа дейін баяулататын киназа ингибиторын ойлап тапты. Құрылғы қосылымдарды іске қосатын және өшіретін қосқышты қамтиды. Жаңа құрылғы биологиялық сағатты ауыстырып, денедегі күнделікті ырғақты теңестіре алады

Ұқсас материалдар:

«Адамның биологиялық жасын анықтайтын «сағат» жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-biologiyalyq-jasyn-anyqtaityn-sagat-jasaldy-14914/#gsc.tab=0);

«Биологиялық сағатты ажыратып қосатын тетік жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagatty-ajyratyp-qosatyn-tetik-jasaldy-15391/#gsc.tab=0);

«Биологиялық сағат: неліктен адамдар қартаяды?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagat-nelikten-adamdar-qartayady-14331/#gsc.tab=0);

«Бактериялардың да адамдардікі секілді «ішкі сағаты» бар болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalardyn-da-adamdardiki-sekildi-ishki-sagaty-bar-bolyp-shyqty-14655/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар «ауыр судың» көмегімен биологиялық сағатты баяулата алды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-auyr-sudyn-komegimen-biologiyalyq-sagatty-bayaulata-aldy-15343/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат