Билл Гейтс сиырдың жаңа түрін шығаруға 40 млн доллар бөлді
Билл Гейтс сиырдың жаңа түрін шығаруға 40 млн доллар бөлді
6 жыл бұрын 2586 7kun.kz Қания Табыс

Америкалық бизнесмен Билл Гейтс идеалды және өнімді сиыр жасау үшін 40 млн доллар бөлді, деп мәлімдеді rus.azattyq.

Business Insider басылымының хабарлағандай, ақша генетикалық зерттеулермен айналысатын GALVmed ұйымына аударылған.

Гейтстың сөзінше,  сиырдың жаңа түрі кәдімгі сиырмен бірей мөлшерде сүт береді. Алайда, ыстыққа төзімді. Сиырдың жаңа түрі ғаламшарымыздағы ең кедей аймақтардағы өмір сүру деңгейін ұзартуға көмектеседі. Генетикалық өзгерістер арқасында, жануарлар одан сайын өнімді бола түседі, деп есептейді бизнесмен.

Билл Гейтс – әлемдегі ең ірі «Билл және Мелинда Гейтс» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Кәсіпкер аурулармен күресуге, вакциналарды жасауға және ғаламшардың ең кедей аймақтарындағы адамдардың өмірін жақсартуға, жеке қаражатын бірнеше рет жұмсады.

0 пікір
Мұрағат