Аурулармен кез келген түрімен күресу үшін құрылымын өзгертуге болатын антидене жасалды
Аурулармен кез келген түрімен күресу үшін құрылымын өзгертуге болатын антидене жасалды
3 жыл бұрын 1254 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар программалық қамтамасыз ету көмегімен қолдан титтей протеиндер жасады. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антидененің бұл шағын нұсқасы кез келген діттеген ақуызымен байланыса алады. Дәлірегі, ақуыздың қалай әрекет ететінін болжай алатын программалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып жасалған антидене қатерлі ісіктен бастап, өзге де кез келген ауруға қарсы тимді дәрі-дәрмек жасауға көмектеседі. Калифорния технологиялық институтының химигі Стивен Майо аталмыш жаңалықтың көп мүмкіндігі барын алға тартып отыр. Антидене ақуыздармен, соның ішінде микробтармен жақсы байланысы алады. Міне, осындай себеппен фармацевтикалық компаниялар оларды инфекциялық және онкологиялық аурулармен күресу үшін дәрі ретінде пайдаланады. Алайда, антидене – өзгелерімен салыстырғанда үлкен ақуыздар, сондықтан оларды жасау арзанға түспейді әрі бұл процесс тұрақсыз келеді. Ғалымдар осы проблеманы еңсеру үшін ізденіп, белгілі бір нақты нәтижеге қол жеткізе алған еді.  Вашингтон университетінің есептеуші құрылымдық биология маманы Дэвид Бейкердің сөзіне қарағанда, антидене көздеген нысанасымен байланысы алады. Бейнелеп айтқанда, антидене жартасқа өрмелейтін альпинистке ұқсайды, алайда, антидене үлкен болғандықтан ондай жартас жұмыр болады, ұстайтын немесе аяқ артатын тіректері аз болады. Антидене үлкен болғандықтан бір мезгілде көп тіректі қамтып, беріктігін нығайтады. Ал шағын антиденелердің мүмкіндігі бұл тұрғыдан келгенде кем. Ғалымдар бұл кем-кетікті жоюға тырысқан еді, ол үшін алдымен ақуыздардың тірек болатын, яғни, ұстайтын жерлерін анықтап, осының негізінде шағын антиденелер жасауды көздеді. Бұл проблеманы айналып өту үшін ғалымдар ақуыздағы амин қышқылдарының тізбегі негізінде сол ақуыздың құрылымын болжауға мүмкіндік беретін Rosetta программалық қамтамасыз етуге жүгінді. Ғалымдар бұл тарапта тіректер картасын жасауға ден қойған, ол үшін программаға белгілі бір амин қышқылдарының нысанаға алынған ақуыздың беткі жағындағы түрлі тіректермен қаншалықты берік байланысы алатынын анықтауды тапсырды. Осылайша Rosetta программасын ондаған мың виртуалды антидене жасауда пайдаланды. Сан-Францискодағы Калифорния университетінің биоинженері Таня Кортемменің айтуынша, мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету зерттеушілерге ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектесетін диагностикалық зондтарды жасауға мүмкіндік береді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Лонгсин Цао кез келген көзделген нысанамен байланысуы үшін ақуыздардың құрылымын өзгертуді меңгергендерін жеткізген. Дәлірегі, шағын протеиндер ауру тудыратын ақуыздарды бұғаттап қана қоймай, сонымен қатар, дәріні немесе сәулені аулайтын я болмаса радиоактивті диагностикалық молекуланы обыр тініне немесе жасушаларына бағыттай алады.

Ұқсас материалдар:

"Антидене дегеніміз не өзі?!" (https://islam.kz/kk/news/gylym/antidene-degenimiz-ne-ozi-14951/#gsc.tab=0);

"Иммундық жүйенің қысқа жадысы ұзақ ғұмыр сүруге мүмкіндік береді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/immundyq-juienin-qysqa-jadysy-uzaq-gumyr-suruge-mumkindik-beredi-14815/#gsc.tab=0);

«Иммунитеттің өз иесіне шабуының бір сыры...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/immunitettin-oz-iesine-shabuynyn-bir-syry-14616/#gsc.tab=0);

«Иммунитет арқылы зиянды жасушалармен күресудің тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/immunitet-arqyly-ziyandy-jasushalarmen-kuresudin-tasili-tabyldy-13862/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0);

«Инфекциямен күресте иммундық жүйеден бұрын жүйке жүйесінің маңызды рөл ойнайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/infektsiyamen-kureste-immundyq-juieden-buryn-juike-juiesinin-manyzdy-rol-oinaityny-belgili-boldy-14433/#gsc.tab=0);

«Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0) 

 

0 пікір
Мұрағат