«Ақылды тері» жасалды: жәндік шақса да, оқ атса да ауырсынуды сезінесіз (видео)
«Ақылды тері» жасалды: жәндік шақса да, оқ атса да ауырсынуды сезінесіз (видео)
15 күн бұрын 396 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

OWO Skin тактилді костюмі (жанасуды сезіндіретін киім) CES 2023 көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Журналистер «ақылды теріні» өздеріне сынап көрді. Бұл прототип емес, сатып алуға болатын нақты өнім. Егер ойын кезінде сізге оқ атылса, жарақат алғаныңызды, ауырсынуды сезінесіз. Көкірекше (жилет) iOS, Android және т.б. жүйелердегі ойындарңа арналған. Костюм компьютерге немесе смартфонға Bluetooth арқылы қосылады. Оны ойнағың келген кезде кию керек. «Тері» кейіпкерге не болғанын салады, яғни, имитациялайды (құлау, оқ жарақаты, жәндіктердің шағуы, қан кету, қатты соққы алу, т.б.). Әзірлеушілер басқа өндірушілердің костюмдері тек дірілдей алады, деп мәлімдеді, ал OWO Skin дененің 10 аймағында 30 түрлі сезім тудыратын арнайы механизмді пайдаланады. Бұл киімнің көмегімен сіз, тіпті, елеусіз нәрсені, былайға уақытта мән бере бермейтін құбылыстарды сезіне аласыз, мәселен, самал желдің өбуін де сезіне аласыз. Көкірекшенің өзі ликрадан жасалған. Ішінде батареялар орнатылған, соның арқасында өнімнің салмағы 600 г.ДК. Android, iOS, тіпті, VR үшін де қолдау көрсетеді. 2XS-тен 4XL-ге дейінгі өлшемдерде болады. Бір заряд 8 сағат ойын ойнауға жеткілікті. CES 2023 көрмесіне келушілер кейбір сезімдер шынымен ауырсынуды тудыратынын атап өтті. Бұған жол бермеу үшін сіз қарқындылықты 1-ден 10-ға дейін деңгейге қарай реттей аласыз. Пайдаланушылар ең жағымсыз сезім оқ жарақаты емес, дененің үстінде жорғалап бара жатқан өрмекші екенін атап өтеді. OWO Skin ресми сайтында саудаға шығарылған. Бағасы - 399 еуро. Әзірге қысқа жеңді нұсқасына тапсырыс бере аласыз. Болашақта олар етек-жеңі ұзын нұсқасын шығаруға уәде берді

0 пікір
Мұрағат