Сауд Арабиясы туристік визаларды әуе билеттерімен бірге бере бастады
Сауд Арабиясы туристік визаларды әуе билеттерімен бірге бере бастады
1 жыл бұрын 1112 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі Saudia Airlines әуе компаниясының жолаушыларына 96 сағатқа жарамды туристік визаны билетпен бірге беруді ұйғаратын бағдарламаны іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара өз кезегінде труистерге ұмра қажылығын өтеуге әрі аталған елдің аумағындағы көрікті жерлерді аралауға мүмкіндік бермек. Ал мұндай визаны рәсімдеуге бар-жоғы үш минут кетеді. Сауд Арабиясы билігі «Сенің билетің – сенің визаң» бағдарламасының арқасында 2023 жылы елдегі халықаралық рейстерге сұраныс 40%-ға өсуі мүмкін екенін алға тартып отыр. Saudia Airlines әуе компаниясының рейстері түрік әуежайларының барлығынан дерлік ұшады, мысалы, Стамбул әуежайынан немесе саяхатшылар арасында танымал Аланияға жақын орналасқан Газипаша әуежайынан.

0 пікір
Мұрағат