Альцгеймер ауруына қарсы елеулі ем түрі пайда болды
Альцгеймер ауруына қарсы елеулі ем түрі пайда болды
3 жыл бұрын 1470 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің технологиялық институты мен Францияның ұлттық ғылыми зерттеу орталығының (CNRS) ғалымдары Альцгеймер ауруының дамуын тежейтін жасанды молеула жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Angewandte Chemie мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар нейродегенеративті аурулардың бір себебіне жасушада мыс иондарының артығымен жиналуын жатқызып жүр. Мыс пен Cu-Aβ амилоидты бета кешені бос радикалдар деп аталатын тотықтырғыштарды түзгенде, ми жасушалары зақымдалуы мүмкін. Ал мысты жоятын болса, жасушаның жойылу қатері жоғалады әрі Альцгеймер ауруының дамуы тежеледі. Мыс амилоидтен мысқа ионды жалғайтын молекуланы енгізгенде ажырайды. Аталмыш процесс хелатирлеу деп аталады. Бұған қол жеткізу оңай емес, өйткені, молекула тұрақты күйде болуы тиіс әрі қышқылдану-қалпына келу реакциясына төтеп беруі керек. Олар, сондай-ақ, мырыш иондарын байланыстырмауы керек, өйткені, олар мидың қалыпты жұмысы үшін қажет және олардың байланысуы молекулалардың мысты байланыстыруына жол бермейді. P3 деп аталатын ғалымдар әзірлеген жасанды молекула CuP3-ті түзу үшін мысты байланыстырады және амилоидтан мысты алып тастайды, осылайша зиянды тотықтырғыштардың пайда болуын тежейді.

Бір ескертетін жайт, молекула мырышты да байланыстырады, бірақ, байланыс салыстырмалы түрде әлсіз және мырыш-амилоидты кешеннің тұрақсыздығына әкелетіндіктен қауіптенуге негіз жоқ; Р3 негізінен мысты байланыстыратыны маңызды бұл арада.

Ұқсас материалдар:

«Альцгеймер ауруынан қорғайтын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruynan-qorgaityn-gen-tabyldy-15277/#gsc.tab=0);

«Альцгеймерді емдеудің күтпеген тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimerdi-emdeudin-kutpegen-tasili-tabyldy-14697/#gsc.tab=0);

«Алжу да жұқпалы дерт болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-da-juqpaly-dert-bolyp-shyqty-13468/#gsc.tab=0);

"Деменция" (http://islam.kz/kk/news/alem/dementsiya-11669/#gsc.tab=0); 

«Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/parkinson-auruynyn-erte-bilinetin-tagy-bir-belgisi-ataldy-14760/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0);

«Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jogargy-qan-qysymy-alju-qaterin-arttyrady-kez-kelgen-jasta-14558/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат