Тағы бір еуропалық ел аумағындағы АЭС-тің барлығын жабатын болды
Тағы бір еуропалық ел аумағындағы АЭС-тің барлығын жабатын болды
2 жыл бұрын 1944 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Белгия билігі ел аумағындағы барлық атом электр стансаларын 2025 жылға дейін толық жабуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәл шегініс: тағы бір ел дейтініміз, Белгия атом энергетикасын бейбіт мақсатта қолданудан бас тартып отырған жалғаз мемлекет емес - Италия, Австрия және Швейцариямен қатар Германия бұл тарапта елеулі қадам жасаған болатын. Мәселен, Германия ел аумағындағы 11 АЭС-ті жауып тастады, 2022 жылға дейін қалғанын жабады. Германия осы атом энергетикасын пайдаланудан бас тартқаны үшін жыл сайын 12 млрд доллар шығын көріп отыр. Ең алдымен экономикалық тиімділігі емес, ел азаматтарының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға бөлінетін ластаушы заттардың мөлшерін азайтуды, экологиялық қауіпсіздік үшін осындай қадамға барып отыр. Жоғарыда аталған еуропалық елдердің мұндай шешім қабылдауына 2015 жылғы Парижде бекітілген климат келісімінен бұрын Жапониядағы Фукусима АЭС-нің апаты себеп болған еді. Бұдан бөлек, Германия 2030 жылға дейін көмірді пайдаланудан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Белгияда екі АЭС бар: Доэлдегі және Тиханжедегі – жеті атом реакторы жұмыс істеп тұр. Белгия билігі мұндай маңызды шешімге бір күнде келген жоқ, ұзақ уақытқа созылған талас-тартыстан кейін осындай тоқтамға келген. Белгиядағы екі атом стансасы елдегі электр энергиясының жартысына жуығын қамтамасыз етіп отыр. Есесіне бұл олқылықтың орнын газбен толтырмақ – энергия тапшылығын боддырмас үшін жұмыс істейтін газбен екі электр стансасын салуды ұйғарып отыр. Дегенмен Белгия ядролық технологияда толық бас тартпайды – модулды әрі шағын атом электр стансаларына қатысты зерттеуге 100 млн еуро инвестиция құймақ. Осы орайда кәрі құрлықтағы елдердің дені АЭС-тен бас тартқанымен ядролық энергетикаға толық кіріптар Франция АЭС-ті пайдаланудан бас тартпайды.

Ұқсас материалдар:

«Газ бен атомды таза экологиялық энергия көздері ретінде мойындайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/gaz-ben-atomdy-taza-ekologiyalyq-energiya-kozderi-retinde-moiyndaityn-boldy-16185/#gsc.tab=0);

«Атом энергетикасы жасыл энергетика санатына жатқызылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/atom-energetikasy-jasyl-energetika-sanatyna-jatqyzyluy-mumkin-15917/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынудан атом электр стансаларының адамзатқа төндірер қауіп-қатері артады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynudan-atom-elektr-stansalarynyn-adamzatqa-tondirer-qauip-qateri-artady-15594/#gsc.tab=0);

«Атом энергетикасы адамзатты климат өзгерісі қатерінен құтқара алмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/atom-energetikasy-adamzatty-klimat-ozgerisi-qaterinen-qutqara-almaidy-12392/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат