Алжуды емдеудің тың бағыты белгілі болды
Алжуды емдеудің тың бағыты белгілі болды
2 жыл бұрын 1391 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jens Büttner / DPA / Globallookpress.com

Англиядағы Рединг университетінің ғалымдары соңғы жылдары жасарып, кеңінен тарап келе жатқан Альцгеймер ауруын емдеудің жаңа бағытын анықтады. Бұл  жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Alzheimer's Disease Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ағылшын ғалымдарының бұл тараптағы тұжырымына сәйкес мида майлы заттардың жиналуына апарып соқтыратын организмнің қорғаныс қабатының (барьер) зақымдалуы өөз кезегінде Альцгеймер ауруын тудырады. Мамандар бұл гипотезаны липидтік инвазия дп атап отыр. Дәлірегі, гематоэнцефалилік барьердің зақымдалуынан миға тап болатын липидтер нейродегенеративті аурулардың негізгі себебі деп отыр. Осы орайда «гематоэнцефалилік барьер» деп аталатын медициналық терминнің мағынасына аз-кем тоқтала кетпекпіз: тек қажетті заттардың аздаған мөлшеріне ғана өтуге мүмкіндік беретін мидағы ұсақ қан тамырлар жүйесі. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жаңалық аталмыш дерттің диагностикасы мен терапиясына жаңа мүмкіндіктер береді.

0 пікір
Мұрағат