Әлем қырғи қабақ соғысқа бет алып барады - The Wall Street Journal
Әлем қырғи қабақ соғысқа бет алып барады - The Wall Street Journal
2 жыл бұрын 1685 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғаламдық геосаяси ойындарға байланысты әлемде қырғи-қабақ соғыс дәіуірінің пайда болу ықтималдылығы артып келеді. Бұл жолғысы демократия мен автократия арасында орын алатынын алға тартып отыр сарапшылар. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл соғыс жаңа технолгиялық серпілістер мен экономикалық өрлеуге бастайды. Аталған ақпарат көзінде жарияланған мақалада айтылғандай, бірінші қырғи-қабақ соғыс кезіндегі инновацияға құйылған орасан мол инвестиция өз кезегінде адамның Айға ұшуына, сондай-ақ, интернет пен оптоталшықты ойлап табуына ықпал еткен. Қырғи-қабақ соғыста технологиялық жетістікке жетпеген жақ ұтылады. Технологиялық жетістіктердің арқасында адамзат ақпарат дәуіріне аяқ басты. Десе де осы жолғы қырғи қабақ соғыста түбінде демократиялық құндылықтардың үстемдік құратынын да алға тартып отыр. Сонымен қатар, жаһандық технология жарысының арқасында келесі ұрпақ айтарлықтай цифрлы, тұрақты, жасанды зердемен жабдықталған және ғарышқа бағдарланған болашақты мұра етіп алмақ. Бұдан бөлек, «технология әлемдік экономиканың құрылымын, саяси тәртіпті, капитализмді, тіпті, биологиялық болмысымызды да өзгертеді» деп айтылған мақалада.

(ықшамдалып алынды – ред.)

Ұқсас материал:

«Жаһандық соғыс факторлары немесе белгілері - 3-ші ғаламдық соғыс қатері артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-sogys-faktorlary-nemese-belgileri-3-shi-galamdyq-sogys-qateri-artyp-keledi-16381/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат