Алжу ауруына шалдығу қатері жоғары адамдар тобы белгілі болды
Алжу ауруына шалдығу қатері жоғары адамдар тобы белгілі болды
2 жыл бұрын 1920 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Барлығын қоса алғанда үш түрлі деменция бар, олардың жас ерекшеліктерімен ешқандай байланысы жоқ. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне осы тақырыпта сұхбат берген Виктор Шахнович есімді ресейлік медицина ғылымының докторына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маман сұхбат барысында қандай адамдарға алжу ауруына ұшырау қаупі төнетінін тілге тиек етіпті.

Деменция түрлері

Бірінші түрі тамырлы деменция деп аталады. Дәрігердің айтуынша, деменцияның мұндай түрінің пайда болуына тамыр қабырғалары серпімділігінің тұтастығына нұқсан келетіні себеп болмақ, салдарынан мидың кейбір аймақтары қанмен қоректенуден қалады, нәтижесінде өлі аймақтар пайда болады. Тамыр қабырғалары серпімділігінің тұтастығы қан қысымының көтерілуінен, қанның қоюлануынан, қан құрамындағы липидті ақаудан бұзылады. Ал екінші түрі нормотензивті гидроцефалиямен байланысты деменция. «Бұл мидың қартаюына және оның көлемінің кішіреюіне байланысты. Мидың көлемінің төмендеуі автоматты түрде CSF орналасқан қарыншалық жүйенің ұлғаюына әкеледі және мидың қарыншалары осындай мөлшерге дейін ұлғайған кезде норматензивті гидроцефалия немесе қарыншалардың жаншылуы сияқты жағдай пайда болады, олар миға қысым жасайды және ми өзінің негізгі қызметін атқарудан бұрынғыша атқара алмайды. Үшінші түріне келсек, бұл – Альцгеймер ауруы, ол кез келген жаста пайда болатын, тұқым қуалайтын ауру. Тұқым қуалайтыны – Альцгеймер гені мидың кейбір құрылымын бұзатын болады. Бірінші және екінші түрлеріне әдетте артық самақтан, гипертониядан зардап шегетіндер, сондай-ақ, организмның түрлі улы заттармен улану қатері жоғары ауыр өнеркәсіпте ұзақ уақыт жұмыс істейтіндер шалдығуы мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат