Әлемде тұңғыш рет шөлде теміржол тартылды (видео)
Әлемде тұңғыш рет шөлде теміржол тартылды (видео)
2 жыл бұрын 9321 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұшқан құстың қанаты талатын әлемдегі ең ірі шөлдердің бірінен саналатын Такла-Макан шөлін басып өтетін, дәлірегі, ұзындығы 2700 шақырымнан асатын аса ірі амбициялық көлік жобасын аяқтады. Бұл жайында islam.kz порталы otr-online.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теміржол құрылысы шөлдің табиғи ерекшелігіне байланысты үш жарым жылдан аса уақытқа созылған. Алдымен құм дауылынынан қорғау үшін, яғни, құм басып қалу қатері жоғары кей аймақтарынан бес көпір тұрғызылған. Құмды тоқтату үшін 13 млн бұта-қараған отырғызған. Пойыз сағатына 120 шақырымды артқа тастайды. Қытай билігінің мәлімдеуінше, бұл жоба мақта, грек жаңғағы, құрма, минералдар секілді аймақтың фирмалық тауарлар логистикасын жақсартуға арналған. Ондаған млрд долларға бағаланған бұл жоба Қытайдың солтүстік-батыс аймағының экономикасына серпін беруі тиіс.

 

0 пікір
Мұрағат