Алғаш рет екі аталық жасушалардан тышқан өсірілді
Алғаш рет екі аталық жасушалардан тышқан өсірілді
1 жыл бұрын 1209 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары алғаш рет екі еркектің жасушаларынан тышқан өсірді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алдымен ғалымдар еркек тышқандардың құйрығынан тері жасушаларын бөліп алып, оларды индукцияланған плюрипотентті діңгекті жасушаларға (iPSC) айналдырды, эмбрионалды діңгекті жасушалардың сипаты мен қасиетін қабылдайтын, қайта бағдарламаланған сараланған жасушаларға айналдырды, яғни, олар түрлі жасушалар немесе тіндерге айнала алады. Содан кейін зерттеушілер оларды тышқанның аталық жасушаларын аналық жасушаларға айналдыратын арнайы дәрімен емдеді. Нәтижесінде жасанды жолмен ұрықтандырылған функционалды жұмыртқалар пайда болды. Артынша эмбриондар ұрғашы тышқандарға имплантацияланды. Эмбриондардың шамамен бір пайызы - 630-дың 7-і тірі шақалаққа айналды. Шақалақ патологиясыз (қандай да бір ауытқусыз) қалыптасты. Адамға осынау бірегей технологияны қолдануға болатынын немесе болмайтынын ғалымдар әзірге білмейді. Десе де бұл жаңалық өз кезегінде репродуктивті (ұрпақ өрбіту) биологиясын, сондай-ақ, діңгекті жасушаларды зерттеу саласын жаңа белеске көтереді. Болашақта осы жаңалықтың көмегімен жойылып бар жатқан биологиялық түрлерді сақтап қалуға болады.

0 пікір
Мұрағат