Ауру тарататын масалар көбейеді
Ауру тарататын масалар көбейеді
1 жыл бұрын 1396 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауруды тарататын шыбын-шіркей популяциясының көбеюі климат өзгерісі тудырған ең үлкен проблемалардың бірінен саналады. Бұл жайында Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Климат өзгерісі жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасын қолайсыз, тіпті, жарамсыз етуде. Осыған байланысты биологиялық түрлер жаңа аумақтар мен аймақтарға қоныс аудару, сол арқылы түрлі індетті тарату қаупін арттыруда. Бұл тенденция жәндіктерге де тән, ыстық жақта тіршілік ететін жәндіктер жаһандық жылынуға байланысты Африка құрлығынан тыс жерлерге таралуда. Соның ішінде безгек тарататын масалар да көбейіп келеді. Колин Карлсон есімді Жоржтаун университетінің биологы мен оның әріптестері 120 жыл бойы Африкадағы масалардың сыртқа таралу аумағын бақылау үшін этимология деректерінің бірін пайдаланды. Бұл мәлімет зерттеушілерге 1898 және 2016 жылдар аралығындағы 22 Anopheles масасының түрінің таралу шегін бағалауға мүмкіндік берді. Осы уақыт ішінде жер шары Цельсия бойынша кем дегенде 1,2 градусқа жылыған. Өйткені, жаңа аумақ масаларға қолайлы болып шықты. Ғалымдар Anopheles масаларының жыл сайын оңтүстікке қарай 4,7 шақырымға дейін таралып, биіктігі 6,5 метрге дейін көтерілетінін анықтады. 2011 жылы бұл көрсеткіштер шамамен үш есе аз болды. Шындығында, бұл африкалық шыбын-шіркейлердің осы уақытқа дейін ілгерілегенін көрсетеді, олар қазір орта есеппен оңтүстік полюске 500 шақырымға жақындады. Бұл жайт болашақта безгектің таралу аумағының ұлғаю қатерін арттыруы мүмкін. Климаттың өзгеруі масалардың таралу аймағын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар, олардың жыл бойы өмір сүру мерзімін айтарлықтай ұзартпақ. Міне, осындай факторларға байланысты аталған жұқпалы індеттің етек елу қатері жылдан жылға тарта береді.

0 пікір
Мұрағат