Айна өмір күллі тіршілікке қауіп төндіреді
Айна өмір күллі тіршілікке қауіп төндіреді
35 минут бұрын 74 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Айна өмір иммундық қорғаныс пен экожүйеге салдары ауыр қауіп төндіреді. Бұл жайында islam.kz порталы The Economist ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар мұндай технологияның пайда болу мерзімі жақындап қалғанын алға тартып отыр. Негізгі қауіп өздігінен пайда болатын айналы бактериялармен байланысты. Бұл арада молекулалары (ақуыздар мен генетикалық материал) әдеттегі биологиялық құрылымдармен салыстырғанда қарама-қарсы кеңістіктік бағдарға ие организмдер турасында сөз болып отыр. Ғалымдардың пікірінше, адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің иммундық жүйелері осындай микроорганизмдерді тани алмайды, соған байланысты жоя алмайды, ал бұл организмнің қорғану қабілетінен айналып өтетін қатер болғандықтан емі жоқ дертке шалдықтырады. Осындай қатерді ескерген ғалымдар мұндай ғылыми ізденіс пен зерттеулерге шектеу қоюға үндеп отыр.

Егер айна өмір туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз: Айна өмір: ғалымдар жаңа биологиялық қауіп туралы дабыл қағуда

0 пікір
Мұрағат