|
Ағашта қанша микроб болатыны белгілі болды
|
Таяудағы зерттеу нәтижесі дені сау ағаштарда бір триллионнан астам түрлі бактериялар, саңырауқұлақтар мен вирустар бар екенін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ағаш өсімдіктер әлемінде микробиомға бай болуымен ерекшеленеді. Бұл тараптағы зертттеуде 150 ағаштың ДНҚ-ы сараптамадан өкен. Осылайша ағаштың микробтар өмірінің кең желісін қамтитын, өаза кіріктірілген экологиялық жүйеден тұратыны белгілі болды. Экологиялық микробиологияның жаңа парақшасын ашан жаңалық болды. Топырақ астындағы саңырауқұлақ жіптері мен ағаш тамырларын біріктіретін «ағаш желісінің» ашылуы өз кезегінде басқа организмдердің өсімдіктердің өсуіне және оларды патогендерден қорғауға көмектеседі деген тұжырым жасауға итермелейді. «Жер бетіндегі үш триллион ағаш әлемдегі ең үлкен биомасса бассейні ретінде алға шығады, оның көп бөлігі біз ешқашан зерттемеген бірегей экожүйелерді қамтиды», - деп мәлімдеді ғалымдар. Ағаш пен топырақтан алынған бактериялар мен саңырауқұлақтардың және вирустардың ДНҚ-на жүргізілген талдау өсімдіктің әрбір 20 жасушасына шамамен бір микробтен келетінін анықтаған. Бұл орта есеппен 100-ден бір триллионға дейінгі микробтық жасушаларды құрайтын шама. Микробтар ағашқа бiркелкi таралмаған - түрлi бөлiктерiнде немесе аймағында сипаты біір-бірінен ерекшеленетін микроб қауымдастықтары шоғырланған. Ағаштың ішкі өзегінде микроорганизмдердің басқа қауымдастығы кезсесе, сыртқы қабығында өзгесі бар. Анағұрлым тығыз өзекте оттегіні қажет етпейтін микробтар басым болды, ал батпақты топырақта оттегіні қажет ететін микробтар көп болды. Ағаштардың түр-түріне қарай микробиомалар да әртүрлі болып келеді. Үйеңкі ағаштарында, мысалы, қант бөлетін микробтар көптеп кездеседі. Одан арғы тәжірибелерде түрлі қауымдастықтар орман-тоғайдағы газдың шоғырлану деңгейіне қалай ықпал ететіні зерттелді. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеуді ары жалғастыратын болады - әр микроорганизмдер қауымдастығының ағаш үшін қандай қызмет атқаратынын анықтауды алдына мақсат етіп қойды.