Адамның ғұмыр жасы оның өмір сүретін жер климатының ерекшелігіне де байланысты
Адамның ғұмыр жасы оның өмір сүретін жер климатының ерекшелігіне де байланысты
3 жыл бұрын 1964 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтның ғалымдары жасы ұлғайғанда адамның тұратын жерінің оның ғұмыр жасын анықтайтын факторы ретінде алға шығатынын анықтады. Яғни, сол жердің климаттық ерекшелігі оның өмір сүру ұзақтығын кемітеді немесе ұзарта алады. Бұл жайында islam.kz порталы MIT News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамның ғұмыр ұзақтығы әр жерде әрқалай болатынын бүгінде құпия болудан қалған. Неге олай? Әдетте адамның денсаулығына өзі өмір сүруп жатқан елдің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, медициналық қызмет сапасы, т.б. факторлар өз әсерін тигізіп жатады. Мәселен, қарттарға барынша қаморлық жасалған Жапония мен Орта Азия елдерінің бұл тараптағы көрсеткіші жер мен көктей. Десе де бір елден өзге елге қоныс аударғанда да бұл фактор оның ғұмыр жасының ұзақтығына бәлендей әсер ете алмайды. Дегенмен қоршаған ортаның адамның ғұмыр жасын анықтайтынын жоққа шығара алмайсыз. Егер бұл гипотеза рас болса, адам ұзақ жасайтын өңірлерге көшу арқылы ғұмыр жасын ұзартуы мүмкін. Геніне де, қалыптасқан әдеттеріне де қарамастан. Массачусет технологиялық институтының экономисі, профессор Финкельштейн бұл тарапта өз зерттеуін жүргізіп көрген екен. Бұл зерттеудің нәтижесі American Economic Review басылымында жарияланды. Расында да ғалымдардың жорамалы расқа айналды: адам қартайғанда ғұмырын ұзартады-ау деген жерді дұрыс таңдаса, бірнеше жыл ұзағырақ өмір сүретін болып шықты. Ғалымдар адамның өмір сүріп жатқан ортасының (мәселен, ол жердің ауа сапасы мен емхананың замануи құралдармен жабдықталу деңгейін) әсерін ескере отырып, «денсаулық капиталының» (нақты бір жердегі адамның денсаулық жағдайы) адам ғұмырына қаншалықты әсер ететінін анықтау үшін 65-99 жас аралығындағы 6,3 млн америкалық азаматтың медициналық деректерін зерделеді. Олардың екі млн-ы аталмыш зерттеу барысында қонысын ауыстырған болатын. Бұл зерттеу бір қаладан екі қарт тұрғынның өзге елді-мекенге көшуінің ақыры олардың ғұмырына қаншалықты және қалай әсер еткенін анықтауға саяды: дәлірегі, олардың біреуі өлім-жітімі төмен елді-мекенге, ал екіншісі өлім-жітімі көп жерге қоныс аударғанына назар аударылған. Нәтижесінде де 65 жастағы ер адам өлім-жітімі көп аймаққа көшкен замандасына қарағанда 1,1 жылға артық өмір сүрген. Бұл АҚШ-тағы орташа өмір сүру ұзақтығына (бүгінде 83,3 жас) шаққанда айтарлықтай «өсім» екенін айта кету керек. Бұл бағыттағы зерттеу жалғастырылатын болады.

Ұқсас материалдар:

«Өмір сүру ұзақтығы кәріліктің тежелуімен емес, балалар өлім-жітіміне байланысты болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/omir-suru-uzaqtygy-kariliktin-tejeluimen-emes-balalar-olim-jitimine-bailanysty-bolyp-shyqty-15429/#gsc.tab=0);

«Ғұмырды ұзартудың (хромосомның ұшын стимуляциялау) тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartudyn-hromosomnyn-ushyn-stimulyatsiyalau-tagy-bir-tasili-tabyldy-14782/#gsc.tab=0);

«Соңғы 20 жылда адамның ғұмыры 6 жылға ұзарған» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jylda-adamnyn-gumyry-6-jylga-uzargan-14516/#gsc.tab=0);

"Ғұмырды ұзартуға септігін тигізетін өзгеше фактор табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartuga-septigin-tigizetin-ozgeshe-faktor-tabyldy-12824/#gsc.tab=0);

«Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қанша?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamnyn-ortasha-omir-suru-uzaqtygy-qansha-8475/#gsc.tab=0);

«Адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-tabigi-omir-suru-uzaqtygy-belgili-boldy-12866/#gsc.tab=0);

«Болашақта адамдардың өмір сүру ұзақтығы 20 жылға қысқарады» (https://islam.kz/kk/news/alem/bolashaqta-adamdardyn-omir-suru-uzaqtygy-20-jylga-qysqarady-742/#gsc.tab=0);

«Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің сыры белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerge-qaraganda-uzagyraq-omir-suruinin-syry-belgili-boldy-15325/#gsc.tab=0);

«Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerden-uzaq-gumyr-suruinin-syry-basqada-bolyp-shyqty-13296/#gsc.tab=0);

«Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі» (https://islam.kz/kk/news/alem/aielderge-qaraganda-erler-nege-az-omir-suredi-ddu-zertteui-11685/#gsc.tab=0) 

«Ұзақ өмір сүретін адамның бес белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uzaq-omir-suretin-adamnyn-bes-belgisi-ataldy-13963/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат