Адамның аурусыз қанша жылға дейін өмір сүре алатыны анықталды
Адамның аурусыз  қанша жылға дейін өмір сүре алатыны анықталды
34 минут бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қартаю моделін құрып көрген екен, онда бір ғана процесс ескерілді - ДНҚ-да кездейсоқ мутациялардың жиналуы. Ақырғы шегін дәл өзі қоятыны анықталды. Медицина басқасын жеңсе де, бұл механизм бәрібір ағзаны өлтіреді. Бұл туралы islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соматикалық мутациялар жасуша бөлiнген сайын пайда болады. Бұл - ДНҚ-дағы кішкентай қателер. Жасушалар оларды түзете алады, бірақ, мінсіз емес. Мұндай қателіктердің көбі зиянсыз. Десе де кейбіреулері обырға бастайды. Тіпті, дәрігерлер онкологияны толық бақылауға алуды үйренсе де мутациялардың өздері ешқайда кетпейді. Олар ағзаның функционалдығын, яғни, қызмет ету қабілетін төмендете отырып, тіндерді баяу,, біртіндеп бұзады. Осы орайда ғалымдар бұл зерттеуінде адамның өмір сүру шегін арнайы іздемегінін айта кетпекпіз. Олар әрбір биологиялық процесс қартаюға қандай үлес қосатынын түсінгісі келді. Ол үшін қартаюдың барлық механизмдерінен тек мутациялардың жинақталуына назар аударды. Нәтижесі де сұрапыл болған.  Егер қалғандарын алып тастасаңыз - теломерлердің тозуын, жасушалардың қоқыстарының жиналуын, жасушалардың өзін-өзі тазарту қабілетінің жоғалуын ескермесек те, тек мутацияларды қалдырсаңыз, адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 146-дан 194 жылға дейін жетеді. Мұндай есеп адамның ғұмырына қатысты биологиялық шырқау шектің қайда екенін көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, медициналық құралдармен адамды ажалдан арашалау мүмкін еместігін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат