БАӘ елге кіруге тыйым салынған адамдардың 5 санатын атады
БАӘ елге кіруге тыйым салынған адамдардың 5 санатын атады
37 минут бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері 1973 жылғы шетелдіктердің келуі мен тұруы туралы № 6 заңның атқарушы регламентінде бекітілген шектеулермен елге келуге тыйым салынған шетел азаматтарының бес санатын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

БАӘ-де депортациялаудың қандай түрлері бар?

БАӘ екі түрлі депортациялау жүйесі  бар: сот депортациясы - ауыр қылмысқа барғандар шетелдіктерді бас бостандығынан айырады және жазасын өтеп болған соң елден қуады;

Қылмыстық кодекс туралы 1987 жылғы N 3 заңның 121-бабына, 2005 жылғы N 34 федералдық заңға және 2016 жылғы N 7 федералдық жарлық-заңға енгізілген түзетулерге сәйкес ауыр қылмыс немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмысы үшін сотталған кез келген шетелдік депортациялануы тиіс. Онша ауыр емес қылмыстар үшін сот бас бостандығынан айыруға балама ретінде басқа жаза түрлері тағайындауы мүмкін.

Әкімшілік депортацияны, керісінше, сәйкестендіру және азаматтық жөніндегі федералдық басқарма (FICA) шығарады және сот шешімін талап етпейді.

Әкімшілік депортация қоғамның қауіпсіздігіне, жергілікті халықтың моралдық ұстанымына, қоғамның денсаулығына қауіп төндірген, сондай-ақ, өмір сүруге қаражаты жетпейтін шетелдіетер мен олардың асырауындағы жандарға (отбасына, туыстарына, т.б.) қолданылады. Десе де әкімшілік жолмен елден қуылатыны белгілі болған шетелдік елде тұру және шетелдіктер ісі жөніндегі бас басқармаға шағымдана алады. Оның елде қалатынын немесе қалмайтынын аталмыш басқарма шешеді.

Қара тізімге кімдер енеді?

Осы ережеге сәйкес елге келуге немесе одан шығуға тыйым салынған адамдардың қара тізімі жүргізіледі. Осы тізімге қосуға болатын адамдардың бес санаты:

1, Бұрын қылмыс жасағаны үшін сотталған және құзыретті сот депортациялаған адамдар;

2. 1973 жылғы № 6-шы заңның 23 бабына сәйкес әкімшілік ұаулымен депортацияланған тұлғалар;

3. Қылмыстық ынтымақтастық негізінде халықаралық департамент белгілеген тұлғалар;

4. Елдің денсаулық министрлігі ВИЧ/СПИД-тен зардап шегетін және қоғамға қатерлі деп таныған өзге аурулары бар тұлғалар;

5. Қылмыстық себептер бойынша парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерден депортацияланған тұлғалар;

Біріккен Араб Әмірліктері еңбек шарты аяқталғанға дейін резиденттігін жойған үй қызметкерлері, демеушілерден қашқан және полицияға хабарланған адамдар, сондай-ақ, депортациялау туралы әкімшілік бұйрық берілген адамдар сияқты адамдарды қамтитын әкімшілік тізімді жеке жүргізеді

БАӘ-де салынған тыйымның күшін қалай жоюға болады?

БАӘ-ге оралғысы келетін депортацияланған шетелдік 1973 жылғы N 6 Заңның 28-бабында көрсетілгендей, FICA бас директорынан арнайы рұқсат алуға тиіс.

Кез келген өтiнiш бұрынғы тұрғылықты жерi туралы толық ақпаратты, бастапқы депортацияның себептерiн және мән-жайды түсiндiретiн немесе растайтын құжаттарды қамтуы тиiс.

Егер қаржылық мүдделер (қаржыға байланысты істері) депортациялануы себепті шешiлмеген болса, шетелдiк тұлға кепiлдікке ақша салынғаннан кейiн үш айға дейiнгi жеңiлдiк мерзiмi берiлуi мүмкiн, осы мерзiм iшiнде қаржылық мәселесін реттеп үлгеруі керек. 

0 пікір
Мұрағат