Адам денесінен энергия өндіру жолы табылды (видео)
Адам денесінен энергия өндіру жолы табылды (видео)
21 күн бұрын 1285 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тұз ерітіндісі сіңген лигнин (Лигнин (лат. lіgnum — ағаш) — түтікті өсімдіктердің жасушасында кездесетін күрделі полимерлі қосылыс – Уикипедия) мембранасы электр тогын тудыруы мүмкін, ол кейін ағаш қалдықтарынан жасалған экологиялық таза аккумуляторды пайдалана отырып сақталады. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Functional Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технология адам өзімен бірге алып жүретін электроника мен энергиялық тиімділігі жоғары құрылғыларды дамытудың жаңа кезеңіне бастайды. Ирландия мен Испания ғалымдары экологиялық таза материалдарды пайдалана отырып, адам денесінің жылуынан электр энергиясын өндірудің жолын ойлап тапты. Бұл технология лигнин, ағаш қалдықтарынан алынатын өсімдік затына негізделген. Бұл қол жеткізуге оңай және қалпына келетін материал өз кезегінде төмен температуралы термоэлектрлік процестерде жылуды электр энергиясына айналдыратын мембрана үшін өте қолайлы екенін дәлелдеді. Орташа есеппен адам организмі сағатына 60-80 ватт жылу өндіреді. Осының өзі шағын электронды құрылғыларды қуаттандыруға жеткілікті. Бұл жылуды қалай тиімді ұстауға немесе сақтауға борлады? Төмен температуралы жылуды, мысалы, адам денесінен немесе техникадан энергияға айналдыру өзөзін ақтамайтын процесс, яғни, тиімсіз, десе де дәл оосы адам денесінен бөлінген жылудың мөлшері қоршаған ортаға барып сіңетін жылу шығынының 66%-дан астамын құрайды. Лимерик университеті мен Валенсия жоғарғы оқу орнының ғалымдар тобы тұзды ерітінді сіңірілген лигнин мембранасын әзірледі. Жылудың әсерінен мембранасының әлеуеті артып, оң иондардың қозғалысы нәтижесінде пайда болған электр тогының жинақталуына мүмкіндік туды. Бұдан бөлек, ғалымдар кеуекті әрі көміртекті материал жасау үшін ағаш қалдықтарын пайдалана отырып, экологиялық таза ион сақтау құрылғысын ойлап  тапты. Технология электр энергиясын қорғасын немесе сүрме сияқты уытты элементтерсіз сақтауға және пайдалануға, қауіпсіз және экологиялық таза электрониканың пайда болуына ықпал етпек.

 

0 пікір
Мұрағат