Адам денесінде жүзіп, қатерлі ісіке дәрі жеткізетін микроробот жасалды (видео)
Адам денесінде жүзіп, қатерлі ісіке дәрі жеткізетін микроробот жасалды (видео)
8 күн бұрын 2220 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа микроробот магниттің әсерімен обырға дәріні қатерлі ісік маңындағы қышқыл ортаға тап болғанда ғана тастайды. Бұл жайында islam.kz порталы acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Химиялық-терапевтік дәріні нақты зақымдалған жеріне жеткізу өз кезегінде дәріден болатын кері әсерді төмендетеді әрі емнің тиімділігін арттырады: бұл микроробот осы мақсатта жасалды, дәлірегі, 3D-принтерде басылды. Ғалымдар 3D-микророботтарды балық, шаян және көбелек түрінде жасады. Олардың ішінде дәріге арналған қуыс бар. Кене секілді шаян немесе балық роботтарды қышқыл ортаға тап болғанда іштегі дәріні шығаруы үшін ашылатындай реакция танытатын қылып басып шығарды. Бұл құрылғыларды магнитті ету үшін темір оксидінің нанобөлшектері кездесетін ерітіндіге орналастырды. Нәтижесінде дәрінің нанобөлшектерін сыйдыра алатын әрі оны қатерлі ісікке магниттің көмегімен бағыттай алатын микроботтар пайда болды. Осыдан кейін олар рН деңгейі өзгергенде автоматты түрде дәріні түкіріп тастайды. Қазіргі уақытта ғалымдар микророботтардың адам организімінде қалай жылжитынын қадағалаудың жолдарын іздестіріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат