Жаһандық жылынудан 65 мемлекет кедейленеді және жаһандық жылынуға байланысты аштық апатына ұшыраған алғашқы ел пайда болды
Жаһандық жылынудан 65 мемлекет кедейленеді және жаһандық жылынуға байланысты аштық апатына ұшыраған алғашқы ел пайда болды
8 күн бұрын 1681 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемнің әр түкпірінде азаматтық қоғамды дамыту, кедейлікпен күресу және табиғи апаттардың салдары мен зардаптарын жою бағытында жұмыс істейтін христиандардың Christian Aid атты ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, әлемнің кем дегенде 65 елінің жалпы ішкі өнімі едәуір кемитін болады, дәлірегі, ауа температурасының көтерлуіне байланысты орын алатын тасқан-сел, құрғақшылық секілді табиғи апаттар жиілейтіндіктен табыс азаяды. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ауа температурасы Цельсия бойынша 2,9 градусқа көтерілсе, 65 елдің жалпы ішкі өнімі 2050 жылға қарай 20 пайызға және 2100 жылы 64 пайызға кемиді. Егер ауа температурасының көтерілуі Цельсия бойынша 1,5 градустан аспаса, Париждегі 2015 жылғы климаттық келісімде айтылғандай, жалпы ішкі өнім 2050 жылға дейін 13%-ға, 2100 жылы 33%-ға азаяды. Біріккен Ұлттар Ұйымы жаһандық жылынуға байланысты ұлттық деңгейде аштық апатына алғашқы болып ұшыраған мемлекетті атады. Ол - Мадагаскар. Бүгінде ұзаққа созылған құрғақшылықтан жергілікті халық кактус пен шегірткені қорек етуде. 

0 пікір
Мұрағат