"Зарядтау" арқылы залалсыздынатын маска жасалды (фото)
"Зарядтау" арқылы залалсыздынатын маска жасалды (фото)
4 жыл бұрын 2253 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдің Технион институтының ғалымдары бір рет таққаннан кейін екінші мәрте қолдануға жарамсыз болып қалатын маскіге қарағанда бірнеше рет пайдалануға келетін, осылайша маска шығынын үнемдеуге мүмкіндік беретін вирустан қорғайтын тұмылдырық жасады. Ұдайы масканы қолдануға қажет ететін пандемия кезінде мұндай маскінің маңызын айттып өттік. Алайда, оны маңызды ететін технологияның қиындығы жоқ: оның арасында қабатталған көміртек талшығы қызған кезде вирустарды жояды. Ол үшін масканы электр желісіне қосы керек. Яғни, кәдімгі смартфонға арналған қуаттау құрылғысы немесе USB-ток өткізгіш арқылы «қыздырылады». Израилдік ғалымдардың бұл маскасы АҚШ-та сынақтан сәтті өтіп, патенттелді. Енді оны жаппай шығару үшін тиісті компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оның бағасы шамамен 1 доллар (шамамен 413 теңге) болуы мүмкін. Бұл жайында аталмыш институттың сайтында айтылған. Естеріңізде болса, осыдан тұп-тура бір апта бұрын порталымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген осыған ұқсас «Вирусты залалсыздандыратын маска жасалды (фото+видео)» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/virusty-zalalsyzdandyratyn-maska-jasaldy-fotovideo-13603/#gsc.tab=0) жаңалығымызда да электрмен залалсыздандырылатын маска турасында айтып өткенбіз.

0 пікір
Мұрағат