Вирусты залалсыздандыратын маска жасалды (фото+видео)
Вирусты залалсыздандыратын маска жасалды (фото+видео)
4 жыл бұрын 3666 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын жасушаға енгізбейтін мата ойлап тапты. Мұндай эффекті тыныс алған кезде болатын ылғалдылықтың әсерінен әлсіз электр алаңының пайда болуынан туындайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мұндай масканы қадағалаушы орган мақұлдаса, жаппай шығаруға кіріседі. Бұл жайында chemrXiv.org ақпарат көзінде айтылған. Бүгінде адамдар қолданып жүрген жай маскалар вирусты залалсыздандырмайды, тек адамның ауыз бен мұрын қуысына енуіне кедергі келтіреді. Есесіне вирустар масканың сыртына жиналады. Оған қол тигізіп, артынан қолыңызбен жүзіңізге жанассаңыз, індетті ұқтырып аласыз. Яғни, мұндай маскадан індетті жұқтыру қатері жоғары. Бұдан бөлек, мұндай маскалар тек бір жолға ғана пайдалануға жарайды. Яғни, қайталап тағуға келмейді. 

Цинк пен күміс элементтері арасынан вирусты залалсыздандыратын электрлі алаң пайда болады

Иллюстрация: Chandan Sen 

Бұрыннан белгілі, вирустардың көбісі жасушаға ену үшін электр алаңын пайдаланады. Ондай вирустардың қатарында тәжді тажал да бар. Бұл нені білдіреді? Жауға өзінің қаруымен соққы беруді білдіреді: сыртқы электр алаңының көмегімен. Ол вирус бөлігінде зарядты таратады, нәтижесінде патоген жасушаға енуіне қажетті өзінің электр алаңын генерациялай алмайды. Инновациялық маска осындай принцип негізінде вирусты залалсыздандырады. 

Жаңа маска цинк пен күмістен тұратын миниатюралық элементтер кіріктірілген полиэфирлі матадан жасалған. Адам тыныс алғанда материалды ылғалдандырып, нәтижесінде титтей батарейкалар алаңды 0,5 вольтті кернеу тудырады. 

Бұл жобаны Vomaris Inc компаниясы коммерциялық мақсатта жүзеге асырады.

 

0 пікір
Мұрағат