Сусамырлардың жарақатын жазуға арналған балдыр пластыры (фото)
Сусамырлардың жарақатын жазуға арналған балдыр пластыры (фото)
3 жыл бұрын 1809 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тірі жасыл-көк балдырдан жасалған пластыр тәжірибедегі тышқанның жарақатын тез жазды. Бұл пластыр, мәселен, сусамырмен ауыратын науқастардың жарақатын жазуға көмектеседі. Әлемдегі сусамырмен ауыратын науқастардың төрттен бірі қан айналымының дұрыс болмауынан созылмалы жарақаттан зардап шегеді. Тіпті, жазылмай қойған жарақаты жанына батқандықтан ол жерді ота жасату арқылы кесіп алып тастауға тура келеді. Онсыз да дерт меңдеген науқас кемтар болып қалады. Кейде сусамырмен ауыратындардың дене жарақатын оттегі терпаиясымен емдеп жатады. Өйткені, оттегі жарақаттан зардап шеккен терінің жазылуына көп көмегін тигізеді. Осыны ескерген Қытайдағы Нанкин университетінің ғалымдары арасы Synechococcus elongatus түрінің тірі жасыл-көк балдырымен толтырылған терапевтік пластыр ойлап тапты. Осынау микроорганизм (балдырды айтып отыр) фотосинтездеуші болып келеді – яғни, күн сәулесі түскенде оттегі генерациялайды. Бұдан бөлек, пластыр құрамында гидрогел кездеседі. Ол өндірілген оттегіні сіңіріп, терінің терең қатпарына жеткізеді. Мұндай пластырдың бағасы – 1 доллар (шамамен 400 теңгеден асады). Бұл бағытта жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, тышқанға пластыр қолданылғанда стандартты оттегі терапиясы қамтамасыз еткен 20 %-бен салыстырғанда жарақаттың жазылу аумағы 45 пайызға артқан. Бұған қоса, жарақат үш күн бұрын тез жазылған әрі ешқандай теріс әсері болмаған. Бұл жайында techcult.ru ақпарат көзі хабарлады. 

Пластырь из водорослей

0 пікір
Мұрағат