Түрмеде тұтқындарды иттер емес... қаздар күзетеді (видео)
Түрмеде тұтқындарды иттер емес... қаздар күзетеді (видео)
5 ай бұрын 2038 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл әдеттегіден тыс әдісті бразиялық түрмелер он жылдан аса бері қолданып келеді. Дәлірегі, Бразилияның Санта-Кантарина штатындағы түрме басшылығы күзетші иттің орнына қаздарды пайдаланады. Тұтқын қашса, аталған құс қаңқылдап белгі береді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде қылмыскерлердің жаасын өтейтін орындар қатаң күзетіледі әрі түрлі технологиялармен жабдықталған. Сол себепті, тұтқынның қашуын қиындатады. Десе де электр болмай қалғанда сақтық шарасы үшін қосымша күзетшілер қарастырылған. Итке қарағанда ұстау шығыны аз қаздар 2012 жылдан бері түрме қабырғасы мен ішкі аулада «күзетшілік» немесе кезекшілік атқарады. Осы орайда қаздарды Қытай шекарасында да сақшылар қызметін атқаратынын айта кету керек. Олар заңсыз жолмен шекара кесіп өтпек болған мигранттарды аулауда тиімділік танытады.

0 пікір
Мұрағат