Тірі ми органоидтарына негізделген нейрондық желі цифрлы баламасына қарағанда әлдеқайда тиімді болып шықты
Тірі ми органоидтарына негізделген нейрондық желі цифрлы баламасына қарағанда әлдеқайда тиімді болып шықты
4 ай бұрын 836 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат нейрожелі мүмкіндігіне иек артатын дәуірге аяқ басты. Алайда, аталмыш технологияны аса қуатты есептеу әлеуетінсіз пайдалана алмайсыз. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар оңтайлы шешімді іздеуі үшін нейрожеліге миллиондаған нұсқаны таңдап, «қарадүрсін күш қолдану» әдісіне жүгінеді. Нейрожеліде түйсік жоқ – адамның өзі бір нәрсені үйрену үшін әжептәуір уақыт пен 20 Вт энергияға татитын энергия жұмсайды, ал нейрожеліде бұл көрсеткіш 8 мегаватқа дейін жетеді (белгіcіз бір уақытқа дейін). Егер нейрожелі үшін аппарат базасын микросхемадан, тірі ми тінінен жасаса, бұл мәселе шешімін табар еді. Өткен жылы Cortical Labs компаниясы «DishBrain» деп аталатын мұндай құрылғының прототипін жұртшылық назарына ұсынған болатын. Ал таяуда Индиана университетінің ғалымдары тірі нейрожелінің байқап көруге арналған нұсқасын «өсірді»:  нанометрге жуық диаметрі бар шар түріндегі органоид деңгейіне дейін өскен ми діңгекті жасушаларының жиынтығын алып, оны электродтары бар сөреге орналастырған. Олардың кейбіреулері тірі ұлпаға (тінге) сигнал береді, басқалары оның реакциясын (жауабын) талдайды. Нәтижесінде «Брейно-бағдарлама» жұмыс атауы бар құрылғы пайда болды, онда тірі тіндер сыртқы әсерден өседі, нақты тапсырмалар үшін нейрондардың тәжірибелік құрылымын қалыптастырады. Ғалымдар Brainoware құрылғыға арналған «оқу бағдарламасын» жасау үшін нейрондық желіні машиналық оқыту әдістеріне бейімдеді. Олар салыстырмалы түрде қарапайым дауысты тану тестін де, 200 нүктелік Оенон карталарымен күрделі математикалық абстракцияларды да пайдаланды. Бірінші жағдайда тірі нейрондық желіні тану дәлдігі екі күнде 51%-дан 78%-ға дейін өсті. Екінші жағдайда нүктенің орнын болжау дәлдігі сол уақытта 0,356-дан 0,812-ге дейін өскен. Адамзат қазіргі уақытта тірі компьютер құрастыру мүмкіндігіне ие болды. Алайда, оны пайдалануда қандай қауіп төнеді, бұл жағы беймәлім.

0 пікір
Мұрағат