Марк Цукерберг Facebook адамдардың арасына жік салғаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ол өзінің парақшасына жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
|
Цукерберг Facebook адамдардың арасына жік салғаны үшін кешірім сұрады
|
«Менің жұмысым адамдарды біріктірудің орнына, бөліп тастағаны үшін кешірім сұраймын. Осы олқылықтың орнын толтыруға тырысамын», - деп жазды ол.
Цукербергтің мәлімдемесі иудейлердің кешірім сұрайтын Йом-Киппур атты діни мерекесіне орайластырылды. Цукерберг Facebook-тің адамдарды қалайша алалайтынын ашып айтпады.
АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желінің жетекшісін қасаң пікір таратты деп айыптаған еді. Бұдан бөлек, батыс БАҚ-тары әлеуметтік желілердегі Ресейдің жарнамасына күмән келтіріп, америкалық ұлтты бөлді деп жазды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады