Әуе кемесінің құрылысы келесі жылы басталады. Америкалық бизнесмен әрі SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск жолаушыларды Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
|
Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізетін әуе кемесі құрастырылатын болды (видео)
|
Бұл туралы ол Аделаидада өткен Халықаралық ғарышкерлер конгресінде мәлімдеген.
Сондай-ақ, кәсіпкер Марсқа ұшып баратын кеменің құрылысы келесі жылы басталатынын атап өтті.
Өнертапқыш бұл кеме BFR (Big Falcon Rocket) зымыраны деген атпен танымал екенін айтады.
Ол осы зымыран туралы видеоны Instagram парақшасында да жариялады.
«Бұрын ұзақ болған сапарлар енді жарты сағатқа ғана созылатын болады», - дейді ол.
«Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта ұшып барыңыздар. Айтуды ұмытып кетіппін, бір жолаушы үшін бұл кемедегі орынның бағасы ұшаққа төленетін бағамен тең», - деп жазды ол Инстаграм парақшасында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемді жаңа әлеуметтік желі жаулай бастады
■
Жасанды зердеге байланысты студенттерді дипломды қорғау жұмысын жазудан босатты
■
Түркияда қарттарға жасанды зердені пайдалануға лицензия береді – цифрлы қатерден қорғау үшін
■
Азия елінде миссионерлік қызметте шетелдік валютаны пайдалануға тыйым салынды
■
Баллистикалық және қанатты зымырандардың айырмашылығы неде?