|
Егіншілікке қаржы салу бәсеңдеп, мал шаруашылығының инвестициясы артты
|
Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық салымдар мал шаруашылығына қарай ойысуда. Есесіне егіншілікке қаржы салу бәсеңдеуде.
Жыл басынан бергі 8 айда ауыл шаруашылығындағы бизнеске 162,4 миллиард теңге салынған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7,2% артық.
Соның ішінде әдеттегідей басым бөлігі маусымдық егіншілікке бағытталды. Яғни, 61,2%-ы ауыл шаруашылығының осы түріне тиесілі.
Дегенмен, егіншілікке инвестиция салу қарқыны бәсеңдеп, былтырғымен салыстырғанда бар болғаны 1,3 миллиард теңгеге ұлғайған.
Ал мал шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 14,7 млрд теңгеге ұлғайып, 43,7 миллиард теңгеге жетті.
Соның ішінде 38,7 миллиард теңге кәсіпкерлердің өз ақшасы болса, 5 миллиард теңге банктердің берген несиесі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады