|
Тігінен ұшып-қонатын әскери дронның артықшылықтары (видео)
|
Lockheed Martin қорғаныс концернінің құрамына кіретін Sikorsky америкалық компания өзінің тігінен ұшып-қонатын, қозғалмайтын қанаты бар ұшқышсыз ұшақ прототипінің ұшу сынақтары туралы есеп берді. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салмағы 52 келі тартатын, екі винтпен жабдықталған дрон ұшу кезінде әуеде маневр жасай алатын ерекшелігімен көзге түсті. Аппарат құйрығымен қона алады әрі көлденең режимде түрлі тапсырмаларды орындай алады. Жазғы сынақ 2025 жылдың қаңтар айында өтті. Ұшқышсыз ұшатын аппарат 40-тан астам ұшу және қону, сондай-ақ, тікұшақ пен ұшақ режимдері арасында 30 күрделі ауысуды орындап, ең жоғары крейсерлік жылдамдықпен қозғалған - сағатына 159 шақырымды бағындырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)