Тағамның дәмін күшейтетін қасық жасалды (видео)
Тағамның дәмін күшейтетін қасық жасалды (видео)
1 жыл бұрын 2569 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық студенттер тағамның дәмін қандай да бір химиялық қоспасыз немесе калориясыз арттыратын өзгеше қасық жасады. Қасық Sugarware деп аталады. Бұл жайында islam.kz порталы scientificamerican.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ас құралының төменгі жағында әдетте қантқа жауап беретін дәм бүршіктерін ынталандыратын бірнеше дөңес бөліктер бар. Олар миға тәттілік сезімін көрсететін сигналдар жібереді. Мұндай айрықша қасық, әсіресе, қант диабетінен зардап шегетін науқастарға таптырмайтын құрал – дертіне байланысты тәттіні жеуден өзін шектеген науқастардың тәттіге деген құмарлығын басады. Америкалық өнертапқыш студенттер бұл тарапта әлсіз электр тогы арқылы натрия иондарын жылжытатын, осылайша ашшы астың дәмін сезіндіретін арнайы ас таяқшаларын (төменгі видеода) ойлап тапқан жапондықтарға қарап, осындай қасық жасағандарын жасырмады. Ал күншығыс елінің Nissin компаниясының мамандары шалпылдатып ауқаттантын қомағай жандар үшін арнайы шанышқы әзірлеген болатын. SoraNews24 ақпарат көзінің жазуынша, ерекше шанышқы әдепті етіп көрсетпек, яғни, қомағай жанды көпшілікпен тамақтанғанда ыңғайсыз жағдайға қалдырмайды. Otohiko – шалпылдаған дыбыс шыққан сәтте смартфондағы бағдарламаланған әуенді қосып, адамды қолайсыз жағдайдан құтқаратын шанышқы.

 

 

0 пікір
Мұрағат